Scarlett sc-hb42f01 [22/24] Тағам өнімдерін ұсақтауға арналған пышақ шағын уатқыш

Scarlett sc-hb42f01 [22/24] Тағам өнімдерін ұсақтауға арналған пышақ шағын уатқыш
IM011
www.scarlett.ru SC-HB42F01
22
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау
үшін, сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Қондырманы қозғалтқыш бөлікке сырт етіп түскенше кіргізіңіз.
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін, іске қосу алдында блендерді
араластырылатын тамақ өнімдеріне батырыңыз.
Қондырманы ағытып алу үшін аспаптың корпусындағы түймешіктерді қатар басыңыз
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті
ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек.
Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық
өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Шараны шара жетегімен жабыңыз.
Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне бекігенше кіргізіңіз.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған
қондырманың шарасын ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып
алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін
пайдаланыңыз. Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
Шайқауға арналған қондырманы өтпелікке қондырыңыз, сондай-ақ өтпелігі бар қондырманы
қозғалтқыш бөлікке орнатыңыз.
Жұмысқа кіріспес үшін былғауышты көпіршітілетін азық өнімдері салынған шараға батырыңыз.
Жұмысты төмен жылдамдықтан бастаңыз (7-ші түймешік).
ЕСКЕРІМ: Блендер дұрыс немесе толық құастырылмаса, процессор іске қосылмайды.
ЖҰМЫС
Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз процессор осы батырма басулы
тұрғанша жұмыс істейтін болады.
TURBO (жоғары жылдамдық) сұйық және қатты өнімдерді бірге өңдеу үшін.
Өңделетін азық
Ең үлкен салмағы /
көлемі
Ең ұзақ үздіксіз өңдеу
уақыты (сек)
Бадам
100 г
15
Піскен жұмыртқа
200 г
10
Аунатуға арналған
кептірілген нан
20 г 15
Сарымсақ
150 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Сан еті
200 г
15
Жаңғақ
100 г
15
Балмұздақ
200 г
20
Жеңіл қамыр
0,4 л
15
Пияз
200 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Ақжелкен
30 г
10
Бұрыш
0,2 л
30
Шалот пиязы
200 г
Қысқа-қысқа басу арқылы
Асқатықтар
0,2 л
30
Стейк
150 200 г
15
Грек жаңғағы
100 г
15
ЕСКЕРІМ: Процессордың үздіксіз жұмыс істеу уақыты 1 минуттан аспауға, ал іске қосу
аралықтарындағы үзіліс 4 минуттан кем болмауға тиіс.
Процессор жұмыс істеп тұрған кезде кез келген керек-жарақты одан шешіп алуға тыйым салынады.

Содержание

Скачать