Zanussi ZOG 21411 XK Инструкция по эксплуатации онлайн [20/72] 168184

Zanussi ZOG 21411 XK Инструкция по эксплуатации онлайн [20/72] 168184
Назарыңызда болсын! Газдың
ағатын-ақпайтынын тексеру үшін
отты пайдаланбаңыз!
Назарыңызда болсын! Тұмшапешті
ас үй қаптамасының ішіне қарай
жылжытқан кезде газбен жабдықтау
бағыттағышын майыстырып алмаңыз.
Назарыңызда болсын! Тек Ресей
үшін: бұл құрылғы G20 20 мбар
табиғи газбен жұмыс істейді. Газға қосар
алдында параметрді қолданылатын
газдың түріне дұрыс (G20 13 мбар)
реттеп алу маңызды. "Құрылғыны
газдың басқа түрлеріне лайықтау"
тарауындағы
нұсқауларды қараңыз.
Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
газдың басқа түріне сай лайықтау
жұмысын тек уəкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.
Бұл құрылғы G20 20 мбар табиғи
газбен жұмыс істеуге арналған.
Дұрыс инжекторларды пайдалансаңыз,
басқа газ түрін пайдалануға да болады
("Газ пеші оттығының техникалық
параметрлері" ақпаратын қараңыз).
Газдың тұтынылатын мөлшерін қажетінше
лайықтауға болады.
Газ оттықтарының инжекторын
ауыстыру
.
D
E
F
1. Пеш қуысының астыңғы пластинкасын
(A), тұмшапештің оттығына (B) қол
жеткізу үшін алыңыз.
2. Газ пештің оттығын ұстап тұрған (C) екі
бұранданы ағытыңыз.
3. Газ оттығын инжектор тағанынан (D)
ептеп алыңыз.
Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Газ
оттығы шілтерінің оттық аузында
тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтату
ашасының ағытпасының сымына (F)
жəне термореле жалғастырғышына (E)
салмақ салмаңыз.
4. Газ оттығының инжекторын (D) 7 мм
сомын кілттің көмегімен ағытыңыз жəне
алыңыз. Орнына қажетті біреуін
салыңыз ("Газ пеші оттығының
техникалық параметрлері" кестесін
қараңыз).
5. Газ пеші оттығын құрастыру үшін
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6. Газбен жабдықтау бағыттағышының
жанында орналасқан газ түрінің
жапсырмасының орнына, жаңа газ
түріне сай жапсырманы жапсырыңыз
(инжектор жинағымен бірге беріледі).
Назарыңызда болсын! Газ
пеші
оттығының бастапқы ауасын реттеудің
қажеті жоқ.
Газ пеші оттығының ең аз деңгейін
реттеу:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Басқару тетігін ең аз қалпына бұраңыз
жəне алыңыз.
3. Реттегіш бұранданы (A) жұқа қырлы
бұранда бұрағышпен бұрап реттеңіз.
20
www.zanussi.com

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Где найти дату выпуска?
2 года назад