Zanussi ZOG 21411 XK Инструкция по эксплуатации онлайн [8/72] 168184

Zanussi ZOG 21411 XK Инструкция по эксплуатации онлайн [8/72] 168184
3. Сонымен бір мезгілде газ пешін
басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары
температураға бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, газ пешінің
басқару тетігін шамамен 15 секунд
басып ұстап тұрыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Газ пешінің басқару тетігін босатыңыз
да, “Off” қалпына қойыңыз.
2. Тұмшапештің
есігін ашық қалдырыңыз.
3. Бір минуттан кейін тұмшапештің газ
оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Жағып болғаннан кейін:
1. Газ пешінің басқару тетігін босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Газ тұмшапешінің басқару тетігін
қажетті температураға қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ пештің терморелесі бар.. Ол жалын
сөніп қалғанда, газдың берілуін тоқтатады.
Газ пеші мен бұрылмалы істігі бар
электр грилін (бар болса) бір мезгілде
қатар пайдалануға болмайды.
Газ пешінің желдеткішін пайдалану
Назарыңызда болсын! Тағамды
əрқашан тұмшапештің есігін жауып
пісіріңіз.
Газ оттығы тұмшапештің ішіндегі
ауаны қыздырады. Температураны
біркелкі ұстау үшін желдеткіш ыстық ауаны
таратып тұрады.
1. Тұмшапештің газ оттығын жағу ("Газ
тұмшапеште пісіру").
2. Жаққан кезде тұмшапешті басқару
тетігін
қалпына қойыңыз.
Тұмшапештің желдеткіші тағам пісіре
бастағаннан кейін шамамен 10
минуттан кейін қосылады.
Қақтау
1. Тұмшапештің функциясын басқаратын
тетікті сағат тілінің бағытымен
қалпына бұраңыз. Басқару тетігінің
белгісі температура ауқымын
көрсетеді. (шамамен кем дегенде 50ºC
градустан, ең көбі 200°C градусқа
дейін)
2. Гриль мен гриль науасының
сырғытпасының деңгейін тағамның əр
түрлі қалыңдығына лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын, баппен
пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
Ауаның барынша жақсы таралуын
қамтамасыз ету жəне тағамды майы мен
сөлінен бөлу үшін тағамның көбін гриль
науасындағы торға салу керек. Егер
қаласаңыз, балық, бауыр жəне бүйрек
тəрізді тағамдарды гриль науасына тура
қоюға болады.
Тағамның май-сөлі шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру
керек. Пісіру барысында кебір болып
кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа
шамалы өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
Етті қақтаған кезде қызанақ жəне
саңырауқұлақ тəрізді қосымшаларды
тордың астына
салуға болады.
8
www.zanussi.com

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Где найти дату выпуска?
2 года назад