Electrolux ESF 9862 ROW [12/68] Myfavourite бағдарламасын қалай сақтау керек

Electrolux ESF 9862 ROX [12/68] Myfavourite бағдарламасын қалай сақтау керек
MyFavourite бағдарламасын
қалай сақтау керек
1. Сақтағыңыз келген бағдарламаны
орнатыңыз
Бағдарламада пайдалануға болатын
функцияларды да орнатуға болады.
2. Program және Delay түймешіктерін
бағдарламаның индикаторлары
мен функциялары бірнеше секунд
жыпылықтағанша басып ұстап
тұрыңыз
MyFavourite бағдарламасын
қалай орнату керек
Program түймешігін MyFavourite
бағдарламасына қатысты
индикаторлар мен функциялар
көрінгенше басып ұстап тұрыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
7. ФУНКЦИЯЛАР
Қажетті функцияларды
міндетті түрде
бағдарламаны бастау
алдында іске қосу керек.
Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде
функцияларды іске қосу
немесе ажырату мүмкін
емес.
Кей функциялар өзара
үйлесімді емес. Егер өзара
үйлесімсіз функциялар
таңдалса, құрылғы
олардың біреуін немесе
бірнешеуін автоматты
түрде сөндіреді. Қосылып
тұрған функциялардың
индикаторлары ғана жанып
тұрады.
7.1 Multitab
Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және
жуғыш заттардан тұратын жуғыш
таблеткаларды қолданған кезде
пайдаланыңыз. Олардың құрамында
басқа да жуғыш немесе шайғыш
заттар болуы мүмкін.
Бұл функция тұздың қосылуын
тоқтатады. Тұз индикаторы жанбайды.
Осы функцияны пайдаланғанда,
жуғыш таблеткаларды қолданған
кезде жуу және кептіру нәтижелері
жақсы болу үшін бағдарлама уақыты
ұзарады.
Multitab тұрақты таңдалып тұрмайтын
параметр және әр цикл сайын таңдап
отыру керек.
Қалай қосу керек Multitab
Option түймешігін индикаторы
жанғанша басыңыз.
7.2 TimeManager
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және
кептіру циклдары қысқарақ болады.
Бағдарламаның жалпы уақыты
шамамен 50% пайызға азаяды.
Жуу нәтижесі қалыпты уақыты бар
бағдарламаны пайдаланғанмен
бірдей. Кептіру нәтижелері төмендеуі
мүмкін.
Қалай қосу керек
TimeManager
Option түймешігін индикаторы
жанғанша басыңыз.
Егер бағдарламада қандай да бір
функция жоқ болса, тиісті индикатор
жанбайды немесе бірнеше секунд
жылдам жыпылықтап барып сөніп
қалады.
Дисплейде бағдарламаның жаңарған
уақыты көрсетіледі.
www.electrolux.com12

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения