Electrolux ESF 9862 ROW [15/68] Бағдарламаны орнату және бастау

Electrolux ESF 9862 ROW [15/68] Бағдарламаны орнату және бастау
бөлігіне жуғыш заттан аздап
салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Қақпақтың
жабылғанына көз жеткізіңіз.
9.2 Бағдарламаны орнату
және бастау
Auto Off функциясы
Бұл функция құрылғы жұмыс істемей
тұрған кезде автоматты түрде сөндіру
арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске
қосылады:
Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5
минут өткенде.
Бағдарламаның басталмағанынан
бері 5 минут өтсе.
Бағдарламаны бастау
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарламаны таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Құрылғы есігін жабыңыз.
3. Program түймешігін орнатқыңыз
келген бағдарламаның индикаторы
жанғанша қайта-қайта басыңыз.
Егер MyFavourite
бағдарламасын таңдағыңыз
келсе, Program түймешігін
MyFavourite параметрі
көрсетілгенше басып ұстап
тұрыңыз.
Бейнебетте бағдарлама ұзақтығы
көрсетіледі.
4. Қолжетімді функцияларды
орнатыңыз.
5. Бағдарламаны бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Жуу циклының индикаторы
жанады.
Бағдарламаның уақыты 1
минутқа тең қадаммен азая
бастайды.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін дисплейде
орнатқыңыз келген кешіктіріп
бастау уақыты көрсетілгенше
қайта-қайта басыңыз (1 сағаттан
24 сағатқа дейін).
Таңдалған бағдарламаның
индикаторы жыпылықтайды.
3. Кері санақты бастау үшін Start
түймешігін басыңыз.
Таңдалған бағдарламаның
индикаторы тұрақты жанып
тұрады.
Кері санақ азая бастайды.
24 сағаттан 11 сағатқа дейін
кері сағат 1 сағатқа тең
қадаммен азаяды.
10 сағаттан 1 сағатқа дейін
кері санақ 1 минутқа тең
қадаммен азаяды.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кептіру циклы барысында
есік 30 секундтан ұзақ
ашық тұрса, жұмыс істеп
тұрған бағдарлама
аяқталады.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
Program және Option түймешігін
құрылғы бағдарламаны таңдау
режиміне қойылғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз.
ҚАЗАҚ 15

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения