LG 43UF670V [54/149] Ci модуль байланыс

LG 43UF670V [54/149] Ci модуль байланыс
ҚАЗАҚША
13
ЕСКЕРТПЕ
Сыртқы құрылғыны жалғау түрі үлгіге қарай əртүрлі
болуы мүмкін.
Теледидарға сыртқы құрылғыларды теледидар
портының ретіне қарамастан жалғаңыз.
Егер теледидар бағдарламасын DVD рекордеріне
немесе бейнемагнитофонға жазсаңыз, теледидардың
сигнал кіріс кабелін теледидарға міндетті түрде
DVD рекордері немесе бейнемагнитофон арқылы
жалғаңыз. Жазу туралы қосымша ақпаратты
жалғанған құрылғының нұсқаулығынан қараңыз.
Пайдалану туралы нұсқауларды сыртқы құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
Ойын құрылғысын теледидарға жалғаған кезде,
құрылғымен бірге жабдықталған кабельді қолданыңыз.
Компьютер режимінде ажыратымдылық, тік өрнек, түс
контрасты немесе жарықтыққа байланысты кедергілер
тууы мүмкін. Шу бар болса, компьютер шығысын
басқа ажыратымдылыққа немесе жаңалау жиілігін
басқа жиілікке өзгертіңіз немесе СУРЕТ мəзіріндегі
жарықтық жəне түс контрастын бейне таза болғанға
дейін реттеңіз.
Компьютер режимінде кейбір ажыратымдылық
параметрлері графикалық тақтаға байланысты дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Егер Ultra HD мазмұны компьютерде ойнатылса, бейне
немесе аудио компьютер жұмысына байланысты ара-
тұра зақымдалуы мүмкін. (Тек UF67**)
Антеннаны жалғау
RF кабелі (75 Ω) арқылы теледидарды қабырғадағы
антенна ұясына жалғаңыз.
2-ден көп ТД пайдалану үшін сигнал сплиттерін
пайдаланыңыз.
Егер бейне сапасы нашар болса, бейне сапасын
жақсарту үшін сигнал күшейткішін тиісті түрде
орнатыңыз.
Егер антенна қосылған күйде бейне сапасы нашар
болса, антеннаның бағытын түзетіңіз.
Антенна кабелі жəне конвертер қамтамасыз етілмеген.
Қолдау көрсетілетін DTV аудио: MPEG, Dolby Digital,
Dolby Digital Plus, HE-AAC
Бұл теле
дидар Ultra HD (3840 x 2160 pixels) хабар
таратуын тікелей қабылдай алмайды, себебі қатысты
стандарттар расталмаған. (Тек UF67**)
Жерсерік тəрелкесі қосылымы
ек жерсерік үлгілері)
Теледидарды жерсеріктің ұяшығына жерсерік RF
кабелімен (75 Ω) жалғаңыз.
HDMI ULTRA HD deep colour (Терең түс)
параметрлері
ек UF67**)
SETTINGS
СУРЕТ HDMI ULTRA HD Deep Colour
HDMI (1/2) ULTRA HD Deep Colour
- Қосу : қолдау 4K @ 50/60 Hz (4:4:4, 4:2:2, 4:2:0)
- Сөндіру : қолдау 4K @ 50/60 Hz (4:2:0)
Барлық HDMI порттары HDCP 2.2 түріне қолдау
көрсетеді.
4K көзіне тек HDMI кірісі қолдау көрсетеді.
4K сигналы мен мазмұны RF/USB кірісінде
қолданылмайды.
HDMI кіріс порты жоғары ажыратымдылықтағы бейне
үшін 4K @ 50/60 Hz (Қолдау көрсетілетін техникалық
сипаттамалары бойынша толық деректерді төмендегі
кестеден қараңыз.) қолдау көрсетеді. Суретке немесе
дыбысқа қосылған сыртқы құрылғының техникалық
сипаттамаларына байланысты қолдау көрсетілмеуі
мүмкін. Мұндай жағдайда HDMI ULTRA HD Deep
Colour үшін параметрлерді өзгертіңіз.
4K @ 50/60 Гц қолдау пішімі
Ажыраты-
мдылық
Кадр
жиілігі
(Гц)
Түс тереңдігі /
Түс қанықтығының үлгісі
8 бит 10 бит
12
бит
3840 x 2160p
4096 x 2160p
50,00
59,94
60,00
YCbCr 4:2:0 YCbCr 4:2:0
YCbCr 4:2:2
YCbCr 4:4:4 - -
RGB 4:4:4 - -
CI модуль байланыс
(Үлгіге байланысты)
Шифрленген (ақылы) қызметтерді сандық теледидар
режимінде көру.
CI модулінің PCMCIA карта ұясына дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Егер модуль сəйкесінше енгізілмесе,
теледидар немесе PCMCIA карта ұяшығына зақым
келуі мүмкін.
CI+ CAM қосылғанда теледидарда ешбір бейне
немесе аудио көрсетілмесе, Жер/Кабель/Жерсерік
қызмет операторымен хабарласыңыз.
Қолдануға болатын сыртқы құрылғылар: HD ресиверлері,
DVD ойнатқыштары, бейнемагнитофондар, дыбыстық
жүйелер, USB жад құрылғылары, компьютерлер, ойын
құрылғылары жəне басқа да сыртқы құрылғылар.

Содержание