LG 43UF670V [58/149] Қазақша

LG 43UF670V [58/149] Қазақша
ҚАЗАҚША
17
Қосымша сурет параметрлерін орнату
SETTINGS СУРЕТ Сурет режимі Сурет
параметрі
[Үлгіге байланысты]
Кескіндер үшін толығырақ параметрлерді реттейді.
Шуды азайту : суреттегі шуды жояды.
MPEG шуын төмендету : сандық сурет сигналдарын
жасау кезінде пайда болатын шуды жояды.
Қара деңгей: : экранның күңгірттігін (қара түсі деңгейі)
пайдаланып экранның жарықтығын немесе күңгірттігін
сурет кірісінің қара түс деңгейіне сай болатындай
реттейді.
Нақты фильм : экранды оңтайлы жағдайда сақтауға
көмектеседі.
Қозғалыс кезінде көзді күту / Қуатты смарт-
үнемдеу : [Үлгіге байланысты] жарықтықты экрандағы
кескіннің қозғалысына сай реттеу арқылы қуатты
тұтынуды үнемдейді.
Экр. жерг. көмес-і : [Үлгіге байланысты] Қуаттың
тұтынылуын азайта отырып, контрастты барынша
арттыру және бұлдырауды барынша азайту үшін
ашық түсті аймақтарды жарықтандырып, қараңғы
аймақтарды күңгірттейді.
- Сөндіру : LED экранының жергілікті көмескісін
өшіреді.
- Төмен/Орташа/Жоғары : Контраст өлшемдерін
өзгертеді.
TruMotion : [Үлгіге байланысты] Жылдам қозғалатын
кескіндердің сапасын жақсартады.
- Сөндіру : TruMotion функциясын өшіреді.
- Біркелкі : жылдам қозғалатын кескіндерді тегістейді.
- Өшіру : жылдам қозғалатын кескіндерді
айқындайды.
- Пайдаланушы : De-judder / De-blur мәнін қолмен
қояды.
De-Judder: экранның дірілін дұрыстайды.
De-Blur: қозғалыстың бұлыңғырлық әсерлерін
азайтады.
Авто дегеніміз кіріс бейне күйіне байланысты діріл
және бұлдырлық ауқымы TruMotion режимі тарапынан
басқарылатынын білдіреді.
Кіріс сигналына немесе басқа сурет параметрлеріне
байланысты реттелетін толығырақ элементтердің
ауқымы басқа болуы мүмкін.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігін пайдалану
SETTINGS СУРЕТ Энергияны үнемдеу
Экранның жарықтығын реттеу арқылы электр қуатын
үнемдеңіз.
Авто : [Үлгіге байланысты] ТД сенсоры қоршаған
ортаның жарықтығын анықтап, экран жарықтығын
автоматты түрде реттейді.
Сөндіру :Энергияны үнемдеу функциясын өшіреді.
Ең аз / Орташа / Ең көп : Алдын ала орнатылған
энергияны үнемдеу параметрлерін қолданады.
Бейне дыбысын өшіру : Экран өшіріледі де, тек
дыбыс шығарылады. Экранды қайтадан қосу үшін
қашықтан басқару құралындағы «Қуат» түймесінен
басқа кез келген түймені басыңыз.
HDMI ULTRA HD Deep Colour қолдану үшін
SETTINGS СУРЕТ HDMI ULTRA HD Deep Colour
HDMI (1/2) ULTRA HD Deep Colour
[Үлгіге байланысты]
HDMI порты ULTRA HD Deep Colour ажыратымдылығын
қамтамасыз етеді, сіз анығырақ суретті қарай аласыз.
Қосу : ULTRA HD Deep Colour қолдау
Сөндіру : ULTRA HD Deep Colour қолдамау
Теледидар динамигін пайдалану
SETTINGS ДЫБЫС Дыбыс шығысы ТД
үндеткіші / Ішкі ТД үндеткіші
[Үлгіге байланысты]
Дыбыс теледидар динамигі арқылы шығады.
Сыртқы динамикті пайдалану
SETTINGS ДЫБЫС Дыбыс шығысы Сыртқы
динамик (оптикалық) / Audio Out (Оптикалық)
[Үлгіге байланысты]
Дыбыс оптикалық портқа жалғанған динамик арқылы
шығады.
SimpLink функциясына қолдау бар.

Содержание