Bosch ixo v basic [96/235] Қaзақша

Bosch IXO IV Updgrade full 0603981022 [96/235] Қaзақша
1 609 92A 0AE | (9.7.13) Bosch Power Tools
96 | Қaзақша
Қaзақша
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен
ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр құрал“ атауының
желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және
аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ)
қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз.
Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым
оқиғаларға алып келуі мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс
қауіпі бар қоршауда электр құралды пайдаланбаңыз. Электр
құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа
адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз. Ауытқу кезінде құрал
бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы қажет.
Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жерге қосулы электр
құралдарменен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр
тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
ЕСКЕРТУ
OBJ_BUCH-833-007.book Page 96 Tuesday, July 9, 2013 4:00 PM

Содержание