Hotpoint-Ariston mvdf 9614 sx [20/24] Жуу циклын іске қосу

Hotpoint-Ariston mvdf 9614 sx [20/24] Жуу циклын іске қосу
20
KZ
Жуу циклын іске қосу
1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз;
дисплейде «WELCOME» мәтіні пайда болады және
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл
түспен баяу жыпылықтайды.
2. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі беттегі
бағдарламалардың кестесінде көрсетілген ең көп жүк
мәнінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
3. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын ашып,
«Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында айтылғанмен
сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.
4. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын
таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ түймелерінің бірін
басыңыз; жуу циклының атауы дисплейде көрсетіледі.
Әрбір жуу циклы үшін температура мен сығу
жылдамдығы орнатылған; оларды реттеуге болады.
Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі.
6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді
қолданыңыз:
Температура және/немесе сығу жылдамдығын
өзгерту. Құрылғы таңдалған жуу циклы үшін орнатылған
ең жоғары температура мен сығу жылдамдығын
автоматты түрде таңдайды; сондықтан, бұл мәндерді
арттыру мүмкін емес. түймесін басу арқылы
температураны суық сумен жуу циклының «OFF»
параметріне жеткенше төмендетуге болады. Бұл түймелер
тағыда басылса, ең жоғарғы мәндер қалпына келеді.
! Қиыс жағдай:
2 (40°)
үйменің бірінші басылуы)
бағдарламасы таңдалса, температураны 90°C-қа
дейін көтеруге болады.
Кешіктіріп бастауды орнату.
Таңдалған бағдарлама үшін кешіктіріп бастауды орнату
үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті
түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда,
дисплейде таңбасы жанады. Кешіктіріп бастау
функциясын алып тастау үшін дисплейде «ӨШІРУЛІ»
мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.
Кептіру циклын орнату
түймесі алғаш рет басылған кезде құрылғы
таңдалған жуу циклымен үйлесімді максималды кептіру
циклын автоматты түрде таңдайды. Одан кейін басқан
кезде кептіру деңгейі мен кептіру уақыты азайтылады,
соңында цикл толығымен өшіріледі OFF»).
Кептіруді төмендегідей орнатуға болады:
A- кірлердің қажетті құрғақтық деңгейі негізінде:
Үтіктеу: кейін үтіктелетін киімдер үшін қолайлы.
Қалған ылғалдық қыртыстарды жұмсартып, оларды
кетіруді жеңілдетеді.
Ілгекке ілінетіндей құрғақ: толығымен кептіруді
қажет етпейтін киімдер үшін қолайлы.
Шкафқа қойылатындай құрғақ: үтіктемей шкафқа
қоятын заттар үшін қолайлы.
Қосымша: губкалар мен халаттар сияқты толығымен
кептірілуі тиіс киімдер үшін қолайлы.
B - орнатылған уақыт аралығы негізінде: 20–180 минут.
Жуылып кептірілетін кірлердің салмағы белгіленген ең көп
салмақтан едәуір көп болса, жуу циклын орындаңыз және
цикл аяқталған кезде, киімдерді топтарға бөліп, кейбіреуін
барабанға қайта салыңыз. Осы жерде, «Тек кептіру»
циклы үшін берілген нұсқауларды орындаңыз. Қалған
киімдер үшін осы үдерісті қайталаңыз. Әрбір кептіру
циклының соңына әрқашан салқындау мерзімі қосылады.
Тек кептіру
Мата түріне сәйкес кептіру циклын ( - - ) таңдау үшін
цикл таңдау тұтқасын қолданыңыз. Қажетті кептіру деңгейін
немесе уақытын КЕПТІРУ түймесімен де орнатуға болады.
Бағдарламаны реттеу тұтқасының көмегімен және «Эко»
түймесін басу арқылы мақта кептіру циклы таңдалғанда,
ауа температурасы мен цикл ұзақтығының оңтайлы
бірігуінің арқасында қуат үнемдеуді қамтамасыз ететін
автоматты кептіру циклы іске қосыладыn; дисплейде
«Эко» құрғақтық деңгейі көрсетіледі.
Жуу циклының қажетті қарқындығын орнату.
түймесі маталардың ластану дәрежесі мен
жуу циклының қажетті қарқындығына қарай жууды
оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жуу бағдарламасын
таңдаңыз: цикл автоматты түрде «Normal» (Қалыпты)
тәртібіне қойылады, себебі ол ластану дәрежесі орташа
киімдерге оңтайландырылған ұл параметр «Жүн»
циклы үшін қолданылмайды, ол автоматты түрде
Delicate әзік) тәртібіне қойылады). Қатты ластанған
киімдер үшін түймесін Super Wash” (Қарқынды)
тәртібі шыққанша басыңыз. Циклдың бастапқы кезеңінде
судың көп мөлшері қолданылатындықтан және
барабан тез айналатындықтан бұл дәреже өнімділігі
жоғары жууды қамтамасыз етеді. Ол қиын кетірілетін
дақтарды тазарту үшін қолайлы. Оны ағартқышпен
немесе ағартқышсыз пайдалануға болады. Ағартқышты
қолданғыңыз келсе, 1-бөлікке қосымша құрылғымен
бірге берілетін 4-бөлікті салыңыз. Ағартқышты құйған
кезде ортаңғы өзекте белгіленген «max» деңгейінен
асып кетпеуге назар аударыңыз (22еттегі кестені
қараңыз). Аз ластанған киімдер үшін немесе маталарды
нәзік түрде өңдеу қажет болса, түймесін Delicate
әзік) дәрежесіне жеткенше басыңыз. Нәзік киімдер
үшін керемет нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ету
үшін циклда барабан баяу айналады.
Шаю түрін орнату.
опциясы сезімтал теріні қорғау үшін қажетті шаю
түрін таңдауға мүмкіндік береді. Extra Rinse (Қосымша
шаю) дәрежесін таңдау үшін түймені бір рет басыңыз,
ол стандартты циклдың шаюына қоса қосымша шаюды
таңдауға және жуғыш заттың барлық қалдықтарын жоюға
мүмкіндік береді. Sensitive Skin езімтал тері) дәрежесін
орнату үшін түймені тағы бір рет басыңыз, ол стандартты
циклдың шаюына қоса қосымша екі шаюды таңдауға
мүмкіндік береді; ол өте сезімтал теріге қолданылуға
ұсынылады. Түйме үшінші рет басылған кезде, Anti
allergy Rinse деңгейі орнатылады, сөйтіп стандартты
цикл шаюына қоса 3 шаю циклын таңдау мүмкін болады.
40 °С температурасындағы циклдар іске қосқан опция
тозаң, мысық не ит қылдары сияқты негізгі аллергендерді
кетіруге мүмкіндік береді. Температурасы 40 °Сан асатын
циклдар қолданылғанда, аллергия қарсы қорғаудың жоғары
деңгейі қамтамасыз етіледі. Normal Rinse(Қалыпты) шаю
түріне оралу үшін түймені тағы бір рет басыңыз. Ағымдағы
параметрді орнату немесе өзгерту мүмкін болмаса,
дисплейдеNot allowed (Рұқсат жоқ) мәтіні көрсетіледі.
Цикл параметрлерін өзгерту.
Функцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге
сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
Функцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет
басыңыз; индикатор шамы сөнеді.
! Таңдалған функция бағдарламаланған жуу
циклымен үйлесімді болмаса, индикатор шамы
жыпылықтайды және функция қосылмайды.
! Таңдалған функция оған дейін таңдалған
функциялардың біреуімен үйлесімді болмаса, таңдалған
бірінші функцияға тиісті индикатор шамы жыпылықтайды
және екінші функция қосылады; қосылған функцияға
сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады.
! Функциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе
циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы жасыл түспен
қалыпты түрде жанып тұрады және есік құлыпталады
(ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы жанады). Жуу
циклының барысында, орындалып жатқан кезең
аты дисплейде көрсетіледі. Орындалып жатқан жуу
циклын өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесінің
көмегімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз
(БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы қызғылт сары
түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін қажетті циклды
таңдап, БАСТАУОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет
басыңыз. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу
үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК
ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшсе, есікті ашуға болады.
Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
8. ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі «END
OF CYCLE» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып,
кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.
! Басталып қойған циклды доғару қажет болса, түймесін
басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.

Содержание

Похожие устройства

Скачать