Panasonic tx-50dxr700 [54/72] Керек жарақтар

Panasonic tx-50dxr700 [54/72] Керек жарақтар
Қазақша
6
Теледидарды жылжыту
Сақтаныңыз
Теледидарды жылжытпас бұрын, барлық кабельдерді
ажыратыңыз.
Теледидарды жылжытуға кем дегенде екі адам
қажет. Теледидардың аударылуынан немесе
құлауынан болуы мүмкін зақымдарды болдырмас
үшін, оны төменде көрсетілгендей ұстаңыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын кезде
Сақтаныңыз
Желілік штепсель желілік розеткаға қосылып
тұрғандықтан, теледидар өшірулі тұрғанның өзінде
аздап электр қуатын пайдаланады.
Теледидар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
желілік штепсельді қабырға розеткасынан
ажыратыңыз.
Шамадан тыс дыбыс деңгейі
Сақтаныңыз
Дауысын құлақаспаптан
қатты шығарып
тыңдамаңыз. Қатты зақым
келтіруі мүмкін.
Құлағыңызда дүңгірлеген дыбыс естілсе, дыбысын
өшіріңіз немесе құлақаспаптарды пайдалануды
тоқтатыңыз.
Қашықтан басқару пультіне / сенсорлық
тақта контроллеріне арналған батарея
Сақтаныңыз
Дұрыс орнатпау батарея ағуына, мүжілуіне немесе
жарылуына әкелуі мүмкін.
Тек бірдей немесе баламалы түрімен
ауыстырыңыз.
Ескі және жаңа батареяларды бірге қолданбаңыз.
Əр түрлі батареяларды (мысалы, сілтілі және
марганецті батареяларды) араластырмаңыз.
Зарядталмалы (Ni-Cd және т.б.) батареяларды
пайдаланбаңыз.
Батареяларды жақпаңыз немесе сындырмаңыз.
Батареяларды күннің көзі, өрт немесе сондай
сияқты жоғары ыстыққа шығармаңыз.
Батареялардың дұрыс тасталғанына көз жеткізіңіз.
Батарея ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде
батарея ағуының, шіруінің және жарылуының
алдын алу үшін оны құрылғыдан алып қойыңыз.
Керек-жарақтар
Стандартты керек жарақтар
Қашықтан басқару пульті
(15-бет)
N2QAYB001010
Тұғыр
(7-бет)
Кабель байламы (2)
(14-бет)
Батареялар (2)
R6
(16-бет)
Пайдалану нұсқаулары
Кепілдік
Керек-жарақтар бірге орналаспауы мүмкін.
Оларды байқаусызда лақтырып тастамаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать