Philips hc 3420/15 [55/138] Қазақша

Philips HC5440 [55/138] Қазақша
55
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Қырқатын бөлік
2 Ұзындықты орнату реттегіші
3 Қосу/өшіру түймесі
4 Зарядтау шамы
5 Триммер тарағы
6 Сақал тарағы (тек HC5440/80, HC3424/80, HC3420/80, HC3420/17
үлгілерінде)
7 Адаптер
8 Кішкене штепсельге арналған розетка
9 Щетка
10 Корпус (тек HC5440/80, HC3424/80, HC3420/80 үлгілерінде)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
Ескерту
- Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға немесе ағын сумен
шаюға болмайды. Тек кесу бөлігін ғана ағын су астында шаюға
болады.
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
- Егер қию бөлігі немесе реттегіш тарақ зақымдалған болса,
құралды қолданбаңыз, себебі ол жарақаттауы мүмкін.
ҚАЗАҚША

Содержание

Скачать