Vitek VT-1895 R [20/28] Қазақша

Vitek VT-1895 R [20/28] Қазақша
20
ҚазаҚша
Ескерту: Әрқашан қылшақ-саптамаларды
ауыстыру, сондай-ақ шаңжинағыш контейнерді
(8) тазалау алдында шаңсорғышты ажыратып,
желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырып отырыңыз.
Иілімді шлангіні, телескопиялық түтікті
және саптамаларды жалғастыру
Иілмелі шланг ұштығын (10) ауа қармауыш
саңылауға (9) кигізіңіз және оны сағат тілінің
бағытында түбіне дейін бұраңыз (сур. 1).
Иілмелі шлангты (11) шешіп алу үшін иілмелі
шлангты ұштықты (10) сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
Телескопиялық ұзартқыш түтікке (14) иілгіш
құбыршектің сабын (12) қосыңыз (сур. 2).
Алдын-ала бекіткішке (15) басып,
телескопиялық түтіктің төменгі бөлігін
қажетті ұзындыққа шығарыңыз (сур. 3).
Қажетті саптаманы таңдаңыз еден/
кілем беттеріне арналған қылшақ (16),
құрамдастырылған қылшақ (18) және
саптаманы телескоптық ұзартқыш түтікке
(14) жалғаңыз (сур. 4).
Еденге/кілем жабуларына
арналған қылшақ (16)
Ауыстырып-қосқышты (17) (жинастыру
жүргізіліп жатқан беттің түріне байланысты)
қажетті күйге орнатыңыз.
Құрамдастырылған қылшақ (18)
Қылшақ (18) тек радиаторларды,
саңылауларды, бұрыштарды және жастықтар
мен дивандар арасын тазалау үшін емес,
сонымен бірге жиһаздың бетіндегі шаңды
сүртуге де арналған, бұл кезде қылшақтағы
түктің (18) болуы жиһаздың жалтыр бетін
зақымдауына кедергі келтіреді.
ПАЙДАЛАНУ
Сақтандыру шаралары
Шаңсорғышпен жинауды ыстық беттерге
тікелей жақын жерде, күлсалғыштардың
қасында, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтар сақталған жерлерде
жүргізбеңіз.
Егер жинау кезінде шаңсорғыштың сорғыш
қуаттылығы шұғыл төмендеп кеткен болса,
шаңсорғышты кідірместен сөндіріңіз және
сорылуына телескопиялық түтікті немесе
шлангіні тексеріңіз. Шаңсорғышты сөндіріңіз,
осыдан кейін электр желісінен оны
ажыратыңыз, тұталуды жойыңыз, және тек
осыдан кейін ғана жинауды жалғастыруға
болады.
Назар аударыңыз! Әрқашан шаңсорғышты
орнатылған контейнер-шаңжинауышпен
(8), кіретін (20) және шығаратын (4) сүзгі-
штермен пайдаланыңыз. Әрқашан сүзгі-
штердің дұрыс орнатылуын тексеріңіз.
Еденді сызбау үшін, шаңсорғышты
пайдаланалар алдында оның алып тастаңыз:
(25) қорғаныс жүзігін және (26) қорғаныс
пластинасын.
Жұмысты бастау алдында желілік кабельді
қажетті ұзындыққа шығарыңыз және желілік
айыретікті электрлік ашалыққа салыңыз.
Желілік шнурдағы сары белгі шнурдың
максималды ұзындығы туралы ескертеді.
Желілік сымды қызыл белгіден әрі тартуға
тыйым салынады.
Шаңсорғышты қосу үшін (5) түймесін
басыңыз
Жұмыс барысында сіз иілмелі шланг
сабындағы (12) қолмен реттегіштің (13)
көмегімен сору қуатын реттей аласыз.
Жұмыс аяқталған кезде (5) пернені басып
шаңсорғышты ажыратыңыз, және желілік
сым ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
Желілік бауды орау үшін батырманы (1)
басып ұстап тұрыңыз, оралып жатқан
баудың ұрылуына және бүлінуіне жол
бермеу үшін оны қолыңызбен ұстаңыз.
Шаңсорғышпен жұмыс кезіндегі үзілістерде
қылшақтың «тұрақтау» орнын (2)
пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты немесе контейнер-
шаңжинауышты (8) тасымалдау үшін сапты
(7) пайдаланыңыз (сур. 5).
АВТОМАТТЫ СӨНУ ҚЫЗМЕТІ
Шаңсорғыш электомотордың қызуы кезінде
автоматты түрде ажыратылу функциясымен
жабдықталған.
Электр моторы қызып кеткенде автоматты
термосақтандырғыш іске қосылады, сол
кезде шаңсорғыш сөнеді.
Бұл жағдайда дереу желілік баудың
айыртетігін электрлік ашалықтан суырыңыз.
Телескоптық түтіктің және иілмелі шлангтың
бітеліп қалмағанын тексеріңіз және бітеген
заттарды алып тастаңыз.
Шаңсорғышты қайтадан қосу алдында, оған
шамамен 20-30 минут салқындауға уақыт
беріңіз.
Приборды электр желісіне жалғап, оны
қосыңыз, егер шаңсорғыш қосылмаса,
VT-1895.indd 20 30.07.2015 10:44:42
Скачать