Vitek VT-8124 B [14/24] Қазақша
![Vitek VT-8124 B [14/24] Қазақша](/views2/1231698/page14/bge.png)
14
ҚазаҚша
Ескерту: - қажет болғанда қондырмаларды
(26, 27) иілгіш құбыршектің қолсабына (12) қосуға
болады.
ҚЫЛШАҚ-ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Еден/кілем төсеніштеріне қылшақ (9)
Қылшақтағы (9) ауыстырғышты (10) қажетті
күйіне (жинастыру жүргізіліп жатқан беттің түріне
байланысты) ауыстырыңыз.
Саңылауларға арналған қондырма (26)
Саңылауларға арналған қондырма
радиаторларды, саңылауларды, бұрыштарды
немесе диван жастықтарының арасындағы
кеңістікті тазалауға арналған.
Қондырма (27)
Қондырманы (27) жұмсақ жиһаздың маталы
қаптауын тазалау үшін пайдаланыңыз.
ШАҢЖИНАУЫШТАР (19, 20)
Жеткізілім жинағына көпмәртелі маталы
шаңжинауыш (19) және үш қағаз бірмәртелі
шаңжинауыш (20) кіреді.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Сақтандыру шаралары
•
Қатты қыздырылған сыртқы беттердің тікелей
қасында, күлсауыттардың қасында, сонымен
қатар тез тұтанатын сұйықтықтар сақталатын
жерлерде шаңсорғышпен жинастыруды
жүргізбеңіз.
•
Жинастыруды бастау алдында, құрылғының
бұзылуына жол бермеу үшін еденнен үшкір
заттарды алыңыз.
•
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың
сорғызу қуаты кенет азайып қалса, оны дереу
сөндіріңіз және телескопты түтіктің (16) немесе
құбыршектің (13) қоқыстануын тексеріңіз.
Шаңсорғышты сөндіріңіз, содан кейін оны
электрлік желіден ажыратыңыз, қоқыстануды
жойыңыз, осыдан кейін ғана жинастыруды
жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты орнатылған
шаңжинауышпен (19 немесе 20), сонымен қатар
орнатылған кіргізетін (21) және шығаратын (23, 24)
сүзгілермен ғана іске қосуға болады. Сүзгілердің
(21, 23, 24) орнату дұрыстығын міндетті тексеріңіз.
•
Жұмысты бастау алдында желілік бауды
қажетті ұзындыққа шығарыңыз және желілік
баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
•
Желілік баусымдағы сары белгі желілік баудың
максималды ұзындығы туралы сақтандырады.
Желілік баусымды қызыл белгіден алшақ
шығаруға тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты іске қсоу үшін іске қосу/сөндіру
пернесін (7) басыңыз.
•
Жұмыс істеу уақытында сіз сорғызу қуатының
электронды реттегішімен (5), сонымен
қатар иілгіш құбыршектің қолсабында
(12) орналасқан сорғызу қуатын қолмен
реттегішімен (11) сорғызу қуатын реттей
аласыз.
•
Панажайдағы жинастыруды аяқтағаннан кейін
іске қосу/сөндіру батырмасына (7) басыңыз
және желілік баусымның айыртетігін электрлік
ашалықтан шығарыңыз.
•
Желілік баусымды орау үшін желілік баусымды
орау пернесіне (6) басыңыз, оралып жатқан
баусымның астам оралуы мен бүлінуіне жол
бермеу үшін қолмен ұстаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
•
Егер шаңсорғыш жұмысы уақытында
шаңжинауыш толуының көрсеткіші (4)
«қызылға» ауысса, қағаз шаңжинауышты (20)
ауыстыру немесе маталы шаңжинауышты (19)
тазалау керек.
Ескерту: - қағаз шаңжинауыш (20) бірмәртелі,
шаңжинауыш (20) толғанда оны қайта
өңдеңіз.
•
Маталы шаңжинауышты (19) тазалау алдында,
шаңсорғышты сөндіріңіз және желілік
баусымның айыртетігін электрлік ашалықтан
шығарыңыз.
•
Шаңсорғыш бөлігінің қақпағын (3) бекіткішке
басып ашыңыз.
•
Шаңжинауыш ұстауышын (18) шаңжинауышпен
(19) бірге шығарыңыз.
•
Шаңжинауышты (19) ұстауыштан (18)
шығарыңыз.
•
Маталы шаңжинауышты (19) тазалау үшін оны
қоқыс контейнердің үстінен орналастырыңыз
және пластмасс қысқышты шешіңіз. Қажет
болған жағдайда маталы шаңжинауышты
(19) жұмсақ жуғыш заты бар жылы сумен
жуыңыз және мұқият құрғатыңыз, содан кейін
пластмасс қысқышты орнына орнатыңыз.
•
Шаңжинауышты (19 немесе 20) ұстауышқа (18)
орнатыңыз.
•
Шаңжинауыш ұстауышын (18) орнына
орнатыңыз.
•
Шаңжинауыш бөлігінің қақпағын (3) жабыңыз,
бекіткіш іске қосылғанға дейін қақпаққа (3) сәл
басыңыз.
IM VT-8124.indd 14 11.05.2017 14:30:06
Содержание
Похожие устройства
- Vitek VT-8123 R Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1898 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1892 R Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1892 B Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1891 R Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1891 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8133 SR Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8104 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8103 B Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8103 OG Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8101 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2551 B Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2550 B Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2549 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2548 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2547 BK Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2515 W Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8432 CM Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8431 W Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8424 B Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения
Ответы 0
Здравствуйте. Подскажите пожалуйста труба всасывания с каким диаметром на модель VT-8124 B ?
4 недели назад