Hansa boes69421 [27/76] Пайдалану

Hansa boes69421 [27/76] Пайдалану
27
ПАЙДАЛАНУ
Үрмепештің камерасын тек ыдыс
жууға арналған сұйықтықтың аз ғана
мөлшері қосылған жылы сумен ғана
жуу қажет.
* белгілі үлгілер үшін
Назар аударыңыз!
Электронды таймермен жабдықталған
тақталарда желіге қосылғаннан кейін,
дисплей „0.00” көрсетеді.
Таймердің ағымдағы уақытын орнату
қажет (Таймерді пайдаланудың
нұсқауларын қараңыз).
Егер ағымдағы уақыт орнатылмаса,
үрмепеш жұмыс жасамайды*.
Назар аударыңыз!
Ts электронды бағдарламағыш
белгіленген бетке саусақты тигізу
арқылы басқарылатын сенсорлармен
жабдықталған.
Сенсор орнатылуының әр өзгерісі
дыбыстық белгімен расталады.
Сенсорлардың бетін таза ұстау қажет.
Үрмепешті алғаш рет қосудан бұрын
Орама элементтерін алыңыз, үрмепешті
шкафты фабрикалық консервация
құралдарынан тазалаңыз,
Үрмепешті шкафтың құралын шығарыңыз
және ыдыс жууға арналған жуғыш құралын
қосу арқылы жылы сумен жуыңыз,
Бөлмеде желдеткішті қосыңыз немесе
терезені ашыңыз,
Ажыратқыш тұтқасын абайлап басыңыз да,
оңға немесе жағдайына бұраңыз
(«Бағдарламағыштың жұмысы және үрмепеш
күтімін басқару» тарауын қараңыз),
Үрмепешті қыздырыңыз (250 градус С тем-
пературасында шамамен 30 мин.), ласта-
нуларды алып тастаңыз және мұқият жуып
шығыңыз.
Ажыратқыштардың тұтқалары басқару
аспапбетінде «жасырылған». Қалаған функцияны
таңдау үшін:
1. Тұтқаны абайлап басыңыз да, оны жіберіңіз.
2. Таңдалған функцияға орнатыңыз.
Ажыратқыш тұтқасының бүйір жағындағы
белгілер үрмепештің кезекті функцияларына
сәйкес келеді.
Cyp. 6x

Содержание

Скачать