Scarlett SC-MC410S11 [14/29] Sc mc410s11

Scarlett SC-MC410S11 [14/29] Sc mc410s11
IM015
14
SC-MC410S11
Көп тағамдық қасқан әдепкі бойынша көжені 30 минут бойы дайындауға бапталған. Қажет болған жағдайда уақытты
«+ -» түймешіктерінің көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады. Тамақ пісіру уақытын 10- 2 сағатқа дейін
өзгертуге болады. Қадам 1 минут.
Тамақ пісіру аяқталғаннан кейін осы режимнің түймешігінің тұсындағы шам өшеді де, дыбыстық белгі естіледі, көп
тағамдық қасқан жылыту режиміне автоматты түрде ауысады, жылыту көрсеткіші жанады.
Көп тағамдық қасқанды электр желісінен ажыратыңыз.
«ЖАРКА» (ҚУЫРУ) БАҒДАРЛАМАСЫ
Осы бағдарламаның көмегімен үй тағамдарын дайындау үшін (азық-түліктерді консервілеу), сорпа және түрлі
қуырылған тағамдар, ет, тауық және тағы басқаларын қуыру үшін ашық қақпақпен көкөністерді қуыра аласыз.
Тағамның барлық құраластары мен дәмдеуіштерді рецептке сәйкес көп тағамдық қасқанның шарасына салыңыз.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз. Қақпағын жаппаңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Барлық дайындықты аяқтамайынша аспапты электр желісіне
қоспаңыз, себебі бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Басқару панеліндегі «Жарка» (қуыру) түймешігін басыңыз. Осы түймешіктің тұсындағы көрсеткіш шамы жанады.
Бейнебетте 00:15 жарықтанады. 5 секундтан кейін «Жарка» (қуыру) бағдарламасы жұмыс істей бастайды.
Көп тағамдық қасқан әдепкі бойынша қуырманы 15 минут бойы дайындауға бапталған. Қажет болған жағдайда
уақытты «+ -» түймешіктерінің көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады. Тамақ пісіру уақытын 15 минуттан 1
сағатқа дейін өзгертуге болады. Қадам – 10 минут.
Дайындау аяқталғаннан кейін осы режимнің индикаторы сөніп, дыбыстық сигнал беріледі, көп тағамдық қасқан
қыздыру режиміне өтпейді.
Көп тағамдық қасқанды электр желісінен ажыратыңыз.
«ВЫПЕЧКА» (ҚАМЫРДАН ПІСІРУ) БАҒДАРЛАМАСЫ
Осы бағдарламаның көмегімен қамырдан түрлі тағамдарды дайындауға болады.
Тағамның барлық құраластарын рецептке сәйкес көп тағамдық қасқанның шарасына салыңыз.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Барлық дайындықты аяқтамайынша аспапты электр желісіне
қоспаңыз, себебі бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Басқару панеліндегі «Выпечка» (қамырдан пісіру) түймешігін басыңыз. Осы түймешіктің тұсындағы көрсеткіш шамы
жанады. Бейнебетте 00:40 жарықтанады. 5 секундтан кейін «Выпечка» (қамырдан пісіру) бағдарламасы жұмыс істей
бастайды.
Көп тағамдық қасқан әдепкі бойынша қамырдан жасалатын тағамдарды 40 минут бойы дайындауға бапталған.
Тамақ пісіру аяқталғаннан кейін осы режимнің түймешігінің тұсындағы шам өшеді де, дыбыстық белгі естіледі, көп
тағамдық қасқан жылыту режиміне автоматты түрде ауысады, жылыту көрсеткіші жанады.
Көп тағамдық қасқанды электр желісінен ажыратыңыз.
«БУ ҚАСҚАН» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бұл режим тағамдарды буға пісіру үшін пайдаланылады.
«Пароварка» (бу қасқан) бағдарламасы бу қасқан контейнерін қолдана отырып пайдаланылады. Буға пісіру
уақытының шараға құйылған судың көлемімен шектелетінін білген маңызды. Суды тағам дайындаудың бүкіл кезеңіне
жететіндей етіп құйыңыз. Егер су түгелдей буланып кетсе, бағдарлама автоматты түрде сөніп қалады.
Шараға жеткілікті мөлшерде су құйыңыз (судың шамамен алынатын көлемі төмендегі кестеге көрсетілген).
Дайындау уақыты
Судың шамамен алғандағы мөлшері, өлшер
тостақтар
10-30 минут
4
30-60 минут
5
Азық-түлікті бу қасқан контейнерге салыңыз да, шараның үстіне қойыңыз. Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне
қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Барлық дайындықты аяқтамайынша аспапты электр желісіне
қоспаңыз, себебі бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Басқару панеліндегі «Пароварка» (бу қасқан) түймешігін басыңыз. Осы түймешіктің көрсеткіш шамы жанады.
Бейнебетте 00:20 жарықтанады. 5 секундтан кейін «Пароварка» (бу қасқан) бағдарламасы жұмыс істей бастайды. Көп
тағамдық қасқан әдепкі бойынша тағамды 20 минут бойы буға пісіретін етіп бапталған. Қажет болған жағдайда
уақытты «+ -» түймешіктерінің көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады. Тамақ пісіру уақытын 10 минуттан 3
сағатқа дейін өзгертуге болады. Қадам – 1 минут.
Тамақ пісіру аяқталғаннан кейін осы режимнің көрсеткіш шамы сөнеді де, дыбыстық белгі естіледі, көп тағамдық
қасқан жылыту режиміне автоматты түрде ауысады, жылыту көрсеткіші жанады.
Көп тағамдық қасқанды электр желісінен ажыратыңыз.
«ТУШЕНИЕ» (БҰҚТЫРУ) БАҒДАРЛАМАСЫ
Бұл режим тағамды бұқтыру үшін және дірілдек дайындау үшін пайдаланылады.
Тағамның барлық құраластары мен дәмдеуіштерді рецептке сәйкес көп тағамдық қасқанның шарасына салыңыз.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Барлық дайындықты аяқтамайынша аспапты электр желісіне
қоспаңыз, себебі бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Басқару панеліндегі «Тушение» (бұқтыру) түймешігін басыңыз. Түймешіктің көрсеткіш шамы жанады. Бейнебетте
02:00 жарықтанады. 5 секундтан кейін «Тушение» (бұқтыру) бағдарламасы жұмыс істей бастайды.
Көп тағамдық қасқан әдепкі бойынша 2 сағатқа бойы тамақ пісіруге бапталған. Қажет болған жағдайда уақытты «+ -»
түймешіктерінің көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады. Тамақ пісіру уақытын 2-8 сағатқа дейін өзгертуге
болады. Қадам – 10 минут.
Тамақ пісіру аяқталғаннан кейін осы режимнің түймешігінің тұсындағы шам өшеді де, дыбыстық белгі естіледі, көп
тағамдық қасқан жылыту режиміне автоматты түрде ауысады, жылыту көрсеткіші жанады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать