Scarlett SC-EG350M01 [8/16] Абайлаңыз беткі қабаты ыстық жұмысы

Scarlett SC-EG350M01 [8/16] Абайлаңыз беткі қабаты ыстық жұмысы
IM016
www.scarlett.ru SC-EG350M01
8
Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен әрқашан
ажыратып қойыңыз.
Электр тоғы соғуына және от тұтануына жол бермеу үшін аспапты және қорек сымын суға
немесе басқа сұйық заттарға матырмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса, бұйымды ҚОЛМЕН
ҰСТАМАҢЫЗ, оны дереу электр желісінен ажыратыңыз да, тексеру үшін Сервис орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны судың жанында пайдалануға болмайды.
Аспапты жылу көздеріне жақын жерде орналастырмаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың
бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші немесе ол
уәкілеттік берген сервис орталығы немесе соған ұқсас білікті қызметкер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет жасамаңыз. Ақаулық байқалған жағдайда жақын
жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.
Қорек сымының өткір жиектер мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан ұстап тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғының корпусын айналдыра
орамаңыз. Аспаптың түбінде сымды сақтауға арналған арнайы ұя қамтамасыз етілген.
Аспап толық суымайынша оны орнынан қозғауға болмайды.
Азық-түлікті ешқашан өткір заттармен алуға болмайды, бұл қыздырғыш элемент пен
жабыспайтын қабатты бүлдіруі мүмкін.
Абай болыңыз: аспап жұмыс істеп тұрғанда оның металдан жасалған бөлшектері қатты қызып
кетеді.
Аспапты тез тұтанатын материалдардың, мысалы, перденің жанында немесе астында
пайдалануға болмайды.
Өрт шығуына жол бермеу үшін аспап жұмыс істеп тұрғанда оның үстін жаппаңыз.
Өндіруші қосымша ескертпестен бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс
мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрастырылымына енгізу
құқығын өзінде қалдырады.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрған болса, оны тоққа қосар
алдында бөлме температурасында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға
арналмаған.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамасында, сондай-ақ ілеспе құжаттамада
көрсетілген.
Абайлаңыз! Беткі қабаты ыстық!
ЖҰМЫСЫ
Бұл аспапты ет, балық, көкөніс, бутерброд және саңырауқұлақ дайындау үшін пайдалануға
болады.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Алғаш рет тоққа қосқан кезде жаңа қыздырғыш элементтерден өзіне тән иіс және шағын
көлемде түтін шығуы мүмкін. Бұл олардың ақаулығының белгісі емес. Алғашқы дайындалған
тағамды жеуге болмайды.
Алғаш рет пайдаланардан бұрын аспаптың ішкі жағын сары маймен немесе өсімдік майымен
майлаңыз.
Аспапты тоққа қосыңыз да, жабық күйінде 10 минут жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Аспапты тоқтан ағытыңыз да, ішкі жағын дымқыл шүберекпен абайлап сүртіңіз.
ДАЙЫНДАУ
Аспапты электр желісіне жалғаңыз, қызыл түсті қуат индикаторы жанады.
Аспап қыз бастаған кезде жасыл түсті қызу индикаторы жанады.
Аспапты ашпастан, қыздырудың жарық индикаторы сөнгенше, яғни қажетті температураға
жеткенше күтіңіз, содан кейін дайындауды бастай беруге болады.
Қақпағын ашыңыз, азық-түліктің тілімдерін ойықтарға салыңыз да, қақпағын тығыздап жабыңыз.
Температура реттегіштің көмегімен керекті температураны орнатыңыз.
Дайындау уақыты – дәміне қарай қуырылғанша (4-8 минут).

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения