Samsung HW-F750 [35/76] Байланыстар

Samsung HW-F750 [35/76] Байланыстар
10

Осы құрылғыны қабырға кронштейннің көмегімен қабырғаға ілуіңізге болады.
Орнатылған құрылғының үстіне еш нәрсе ілмеңіз және оның соғылмауын
қадағалаңыз.
Құрылғыны қабырғаға құламайтындай етіп бекітіңіз. Егер құрылғы құлап қалса, ол
өнім жұмысының ақаулығын тудыруы мүмкін.
Құрал қабырғаға орнатылып болған соң, баланың жалғанған кабельдерді
тартпауын қадағалаңыз, бұл құрылғының құлап кету қаупін тудырады.
Қабырғаға орнатылған құрылғы оңтайлы жұмыс істеуі үшін динамиктерді
теледидардан кем дегенде 2 дюйм (5 см) қашыққа қойыңыз.
Қауіпсіздік үшін қабырға кронштейніне орнатпаған болсаңыз, өнімді тұрақты бетке
қойып пайдаланыңыз.
байланыстар

Тек тік қабырғаға орнатыңыз.
Орнату үшін температурасы немесе ылғалдығы жоғары жерді не болмаса құрылғы салмағын
көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.
Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса, қабырғаны қатайтыңыз
немесе құрылғыны салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.
Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын
пайдаланыңыз. Мүмкін болса бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.
Құрылғын қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
Орнатпас бұрын құрылғының сөніп және ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Әйтпесе, электр тогы
соғуы мүмкін.
3. Құрылғыны қабырға кронштейнінің тиісті ұяларына
салыңыз. Орнату қауіпсіз болу үшін бұрандалар
ұялардың төменгі бөлігіне түскенін қадағалаңыз.
2. НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ екі жағындағы бұранда
тесіктерін ҰСТАҒЫШ БҰРАНДАНЫҢ бұранда
тесіктеріне туралап, оны бұрандалармен бекітіңіз.
1. Қабырға кронштейнін қабырға бетіне қойып, оны екі
бұрандамен бекітіңіз.
Құрылғыны теледидардан төмен іліп жатсаңыз, көрсеткі
( ) теледидардың ортасына қойылатындай етіп
қабырғаға орнату кронштейнін міндетті түрде
орнатыңыз.
Сондай-ақ, құрылғының теледидардан кемінде екі
дюйм (5 см) төмен екенін тексеріңіз.
4. Орнату аяқталды.
5V
0.5A

1 2
5V
0.5A

Содержание