Samsung HW-F750 [37/76] Байланыстар

Samsung HW-F750 [37/76] Байланыстар
12

Егер тороидтық феррит өзегін сабвуфердің қуат сымына
тіркесеңіз, ол радио сигналдарынан келетін жоғары жиілікті
кедергілерді болдырмауға көмектеседі.
1. Тороидтық феррит өзегін ашу үшін оның бекіткіш тілін тартыңыз.
2. Сабвуфердің қуат сымында екі ілмек жасаңыз.
3. Тороидтық феррит өзегін сабвуфердің қуат сымына суретте
көрсетілгендей етіп тіркеп, сырт еткен дыбыс шыққанша басыңыз.

ККөтеріп фиксаторды
босатыңыз
және өзекті ашыңыз.
Кабельді орауышқа екі
айналдырып өтіңіз.
(Қосқыштан 5-10 см әрі
орауды бастаңыз).
Фиксаторды қайта
жабыңыз.

Ең жақсы дыбыс тәжірибесін беру үшін ASC құрылғылар арасындағы қашықтықты және жиілік
сипаттамаларын ескеріп дыбыс балансын автоматты түрде реттеу арқылы Air Track жүйесін және
дыбыстық құрылғыларды, соның ішінде, сабвуферді қайта орналастыруға және мөлшерлеуге
көмектеседі.
1. ASC микрофонын тыңдау күйіне қойыңыз.
Алдымен ASC микрофонын іс жүзіндегі тыңдау күйіне
қою керек, содан кейін дәл мөлшерлеу үшін ASC
микрофонын Air Track жүйесіндегі ASC IN ұясына
орнату керек.
2. ASC микрофонын Air track жүйесіндегі ASC IN ұясына
жалғаңыз. Мөлшерлеу автоматты түрде басталады
және шамамен 2 минут алуы мүмкін.
Дисплейде аяқтау туралы хабар пайда болмай тұрып
Air Track жүйесін өшірсеңіз немесе ASC микрофонын
ажыратсаңыз, мөлшерлеу болдырылмайды және
аяқталмайды. Мұндай жағдайда ASC микрофонын ASC
IN ұясына қайтадан қосыңыз.
Мөлшерлеу аяқталғанда, қашықтан басқару
құралындағы Sound Effect (Дыбыс әсері) түймесін басу
арқылы ASC режимін таңдауға болады.
ASC мөлшерлеу кезінде қуат түймесінен басқа барлық түймелер жұмыс істемейді.
ASC мөлшерлеу ортасында теледидар орнын өзгертсеңіз, ASC қатемен тоқтайды.
ID SET
байланыстар
5V
0.5A
DC 24V ASC IN


Содержание