RVi RVi-HDR08LA-C [20/27] Назар аударыңыз

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Өрттің немесе электр тоғына ұшырау жағдайының алдын алу үшін осы бұйымның
жаңбыр астына немесе жоғары ылғалдықты жағдайларға түсуіне жол бермеңіз.
Бұйымды дымқыл, шаңданған немесе ыспен қапталған бөлмелерде орнатпаңыз. Бұл
талаптың орындалмауы өртке немесе электр тоғына ұшырауға алып келуі мүмкін.
Егер сіз күмәнді иіс сезсеңіз немесе бұйымнан шығып жатқан түтінді анықтасаңыз,
пайдалануды тоқтатыңыз. Бұл жағдайда дереу бұйымды қорек көзінен ажырату керек.
Бұйымды мұндай жағдайда пайдалануды жалғасырсаңыз, бұл өртке немесе электр тоғына
ұшырауға алып келуі мүмкін.
Бұйымда ақаулық анықталған кезде жақын маңдағы сервистік орталықпен
хабарласыңыз. Осы бұйымды ешқашан бөлшектемеңіз және оның құрылымына өзгерістер
енгізбеңіз. (RVi компаниясы бұйым құрылымына өзгерістер енгізу нәтижесінде немесе
бұйымды жөндеу жұмыстарын өздігінен орындау әрекеттерінің нәтижесінде туындаған
мәселелер үшін жауапты болмайды).
Бұйымды тазартқан кезде корпустың ішіне сұйықтықтың енуіне жол бермеңіз. Бұл
өртке немесе электр тоғына ұшырауға алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйымға ешқандай заттар құлатпаңыз және оның соқпаңыз. Бұйымды қатты діріл
бар немесе магнитті өріс көзіне жақын жерде орнатпаңыз.
Бұйымды жоғары (55°С жоғары) немесе төмен (-10°С төмен) температуралы немесе
жоғары ылғалдықты жерлерде орнатпаңыз. Бұл өртке немесе электр тоғына ұшырауға алып
келуі мүмкін.
Егер сіз бұрын орнатылған бұйымды жаңа орынға ауыстырғыңыз келсе, онда
орындау алдында қорек көзін сөндіріңіз.
Найзағай кезінде айнымалы ток желісінен қуат сымын ажыратыңыз. Бұлай
істемегенде өнімге өрт немесе нұқсан келтіруі мүмкін.
Бұйымды оған тура күн сәулелері түспейтіндей және жанынжа жылу шығаратын
көздер болмайтындай орнатыңыз. Бұл өртке алып келуі мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Өнімнің дизайны электр және өрт қауіпсіздігі ГОСТ 12.2.007.0-75 және МЕМСТ
12.1.004-91 талаптарына сәйкес келеді.
Қауіпсіздік Орнату және пайдалану «электр қондырғыларын техникалық пайдалану
ережелері» және талаптарына сәйкес келуге тиіс «электр тұтынушылардың жұмыс істеуі
үшін қауіпсіздік ережелеріне».

Содержание

Скачать