Samsung BD-F7500 [182/216] Мультимедианы ойнату

Samsung 4K BD-F7500 [182/216] Мультимедианы ойнату
Мультимедианы ойнату
4. Қажет болса, ▲▼◄► түймешіктерін
пайдаланып қалтаны таңдаңыз да,
v
түймесін басыңыз.
5. ◄►▲▼ түймешіктерін пайдаланып
қарайтын немесе ойнататын файлды
таңдаңыз да,
v
түймесін басыңыз.
6. Ағымдағы экраннан шығу үшін не болмаса
Басты экранға оралу үшін бір немесе
бірнеше рет RETURN түймесін басыңыз.
Тікелей Басты экранға оралу үшін EXIT
түймесін басыңыз.
7. Дискідегі бейнелерді, музыканы және
суреттерді ойнатудың бақылау жолы
түсіндірілген нұсқауларды көру үшін
40-47-беттерге өтіңіз.
Allshare Network функциясын
пайдалану
Allshare компьютердегі немесе Allshare үйлесімді
құрылғыдағы фотосуреттерді, бейнелерді
немесе музыканы сымсыз желі қосылымын
пайдаланып ойнатқыш арқылы ойнатуға
мүмкіндік береді.
Allshare бағдарламалық құралын
жүктеу
Компьютерде Windows 7 немесе 8 жүйесі
орнатылмаған болса, Allshare функциясын
пайдалану үшін компьютерге Allshare
бағдарламалық құралын орнату қажет. Samsung.
сom веб-торабынан Allshare бағдарламалық
құралын жүктеп алуға және Allshare функциясын
пайдалану туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды
алуға болады.
1. www.samsung.com веб-торабына өтіңіз.
2. Беттің жоғарғы жағындағы «Қолдау»
түймесін басыңыз.
3. «Қолдау» бетінде «Үлгі нөмірі» өрісіне
ойнатқыш үлгісінің нөмірін енгізіңіз де,
v
түймесін басыңыз.
4. Пайда болған бетте сол жақтағы
«Жүктеулер» астында «Барлық жүктеулерді
қарау» түймесін басыңыз. «Жүктеу»
қойындысы пайда болады.
5. «Жүктеу» қойындысында «Бағдарламалық
құрал» түймесін басыңыз.
6. Бағдарламалық құрал тізіміндегі Allshare
бағдарламалық құрал жолының оң жағында
«EXE» белгішесін басыңыз.
7. Пайда болған қалқымалы терезеде «Жібер»
түймесін басыңыз.
8.
Келесі қалқымалы терезеде «Файлды
сақтау» түймесін басыңыз.
9. Дискідегі Allshare орнату файлын тауып,
файлды екі рет басыңыз.
10. Пайда болған қалқымалы терезеде «Іске
қосу» түймесін басып, экранда пайда
болған нұсқауларды орындаңыз.
Сол «Бағдарламалық құрал» қойындысынан оң
жақтағы «Файл» бағанында тиісті PDF файлының
таңбасын басу арқылы Allshare орнату/
пайдалану нұсқаулығын жүктеп алыңыз. PDF
пішіміндегі файл жүктеліп, ашылады. Файлды
қарауға және/немесе сақтауға болады.
|
38 Қазақша
02349Q-BD-F7500-RU_KAZ.indd 38 2013-01-30 오후 3:58:28

Содержание