Samsung BD-F7500 [199/216] Веб браузерді пайдалану

Samsung BD-F7500 [199/216] Веб браузерді пайдалану
06 Желі қызметтері
Экранның айналық көшірмесі
«Экранның айналық көшірмесі» функциясы
смартфонның немесе Аndroid планшетінің экранын
Blu-ray ойнатқышына қосқан теледидарда көруге
мүмкіндік береді.
1. Blu-ray басты экраны көрсетулі кезде
қашықтан басқару құралында КӨК (D)
түймесін басыңыз. «Экранның айналық
көшірмесі» қалқымалы терезесі пайда
болады.
2. Құрылғыда AllShare Cast немесе Miracast
бағдарламасын іске қосыңыз.
3. Құрылғыда қол жетімді құрылғылардың
тізімінде Blu-ray ойнатқышының атауын
табыңыз да, таңдаңыз.
4. ТД PIN кодты көрсетеді. Бұл PIN кодты
құрылғыда енгізіңіз.
5. ТД қосылу туралы хабарды (мысалы,
Android_92gb... құрылғысына қосылу
орындалуда) көрсетеді, содан кейін
қосылғаны туралы хабарды көрсетеді.
6. Бірнеше секундтан кейін құрылғының
экраны теледидарда пайда болады.
| ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Экран айнасы функциясын қолданған кезде, ортаңызға
байланысты бейненің тоқталуы немесе дыбыстың жоғалуы
мүмкін.
\
Экран айнасы функциясын қолданбас бұрын смартфонда
үйлесімді функцияның бар екенін тексеріңіз. Смартфонға
байланысты экран айнасы функциясында басқа атау (Allshare
Cast, т.б.) болуы мүмкін.
\
Bluetooth функциясын қолданып жіберу экран айнасы сигналына
кедергі келтіруі мүмкін. Экран айнасы функциясын қолданбас
бұрын, смартфонда немесе смарт құрылғыда (планшет, т.б.)
Bluetooth функциясын өшіруді қатал түрде ұсынамыз.
Веб-браузерді пайдалану
Интернетке Веб-браузер бағдарламасын
пайдаланып кіре аласыз.
Басты экранда Веб-браузер тармағын таңдап,
v
түймесін басыңыз.
| ЕСКЕРТПЕЛЕР |
\
Веб-браузерді HDMI арқылы BD Wise үйлесімді
теледидарға қосылған ойнатқышта іске қосқанда – және
BD Wise функциясы қосулы болғанда – браузер экранды
толтыратындай жазылады және теледидар ажыратымдылығы
оңтайлы ажыратымдылыққа автоматты түрде орнатылады.
\
Веб-браузер Java бағдарламаларымен үйлесімді емес.
\
Егер файлды жүктеуге әрекет жасап, файлды сақтау мүмкін
болмаса, қате туралы хабар пайда болады.
\
Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алуға) қолдау
көрсетілмейді.
\
ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді.
\
Белгілі бір бизнестер тарапынан басқарылатын кейбір веб-
тораптарға немесе веб-браузерлерге қатынас құрсаулануы
мүмкін.
Сілтемелерді шолу және меңзермен
шолу
Веб-браузер шолудың екі түрін қамтамасыз
етеді: меңзермен шолу және сілтемелерді шолу.
Браузерді бірінші рет іске қосқанда, меңзермен
шолу белсенді болады. Егер веб-браузерде
шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз,
меңзермен шолуды белсенді күйде қалдыру
ұсынылады. Егер веб-браузерде шарлау үшін
қашықтан басқару құралын пайдаланып
жатсаңыз, меңзермен шолуды сілтемелерді
шолуға ауыстыру ұсынылады. Сілтемелерді
шолу веб-браузерде бөлектеуді бір сілтемеден
екіншісіне жылжытады және қашықтан басқару
құралын пайдаланып жатсаңыз, меңзермен
шолудан әлдеқайда тезірек.
Сілтемелерді шолуды белсендіру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄►
түймелерін пайдаланып меңзерді экранның
жоғарғы оң жағындағы «Сілтемелер
браузері» белгішесіне жылжытыңыз.
«Сілтемелер браузері» белгішесі оң жақтан
үшінші белгіше болады.
Белгіше көкке айналса және экранда
«Сілтемелерді шолу» сөздері пайда блса,
меңзер дұрыс күйде болады.
2.
v
түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу
белсендіріледі және веб-браузерді ашқан
сайын белсенді болады.
Қазақша 55
|
02349Q-BD-F7500-RU_KAZ.indd 55 2013-01-30 오후 3:58:33

Содержание