Samsung BD-ES6000 [137/174] Параметрлер

Samsung BD-ES6000 [137/174] Параметрлер
04 Параметрлер
Аудио
Цифрлық шығыс
Теледидарға немесе AV ресиверге қолайлы сандық
дыбыс шығыс сигналының пішімін таңдауға мүмкіндік
береді. Қосымша ақпарат үшін 53-беттегі сандық
шығыс сигналын таңдау кестесін қараңыз.
PCM субдискретизация
96кГц PCM сигналдарын күшейткішке шығарылғанға дейін
48кГц сигналдарына түрлендіруді таңдауға мүмкіндік береді.
Күшейткіш немесе ресивер 96кГц сигналымен үйлесімді
болмаса, «Қосу» параметрін таңдаңыз.
Динамикалық
диапазонды бақылау
Динамикалық диапазон басқаруын Dolby Digital, Dolby Digital
Plus және Dolby True HD дыбысына қолдануға мүмкіндік береді.
Авто : Dolby TrueHD дыбыс жолындағы ақпарат
негізінде Dolby TrueHD дыбысының динамикалық
диапазонын автоматты түрде басқарады. Сондай-
ақ, Dolby Digital және Dolby Digital Plus үшін
динамикалық диапазон басқаруын қосады.
Өшіру : Динамикалық диапазонды қыспай, бастапқы
дыбысты естуге мүмкіндік береді.
Қосу : Барлық үш Dolby пішімдері үшін динамикалық
диапазон басқаруын қосады. Әлсіз дыбыстар күшейтіледі
және қатты дыбыстардың деңгейі төмендетіледі.
Төмендету режимі
Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы араластыру
әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Ойнатқыш әдеттегі
стерео немесе көлемді пішіммен үйлесімді стерео
дыбысқа араластыратынын таңдауға болады.
Желі
Желі параметрлері
Интернет қызметтері немесе AllShare Wi-Fi мүмкіндігі
сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану және
бағдарламалық құралды жаңарту үшін желілік
байланысты реттеу.
Желі күйі
Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге
мүмкіндік береді.
Wi-Fi Direct
Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы
Wi-Fi Direct құрылғысын ойнатқышқа қосуға мүмкіндік
береді. Құрылғыны ойнатқышты басқару үшін
пайдалануға болады. Жылдам бастау опциясын Қосу
күйіне қойсаңыз (22-бетті қараңыз), WI-Fi Direct және
Бағдарламаның кіру нүктесі арқылы ойнатқышқа
қосылған Wi-Fi құрылғылары (22-бетті қараңыз)
ойнатқыш өшірілген кезде де Wi-Fi байланыстарын
сақтайтынын ескеріңіз.
Қазақша 21
|
02235R-BD-ES6000-RU-KAZ-SEIN.indd 21 2012-01-20 오후 1:43:53

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения