Panasonic TX-24DR300ZZ — теледидарды жалғау: Нұсқаулық және кеңестер [25/54]

Panasonic TX-24DR300ZZ [25/54] Теледидарды жалғау
7
Қазақша
Теледидарды жалғау
● Кез келген RF/AV кабельдерін жалғаудың немесе
ажыратудың алдында, теледидар желілік розетикадан/
электр қуаты желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
● Сыртқы жабдықтар жəне кабельдер иллюстрация
мақсаттары үшін ғана көрсетілген жəне осы
теледидармен бірге жеткізілмейді.
● Қосқан кезде ағытпалар мен кабельдік ашалардың
дұрыс түрін қолданып жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
● Толығымен монтаждалған SCART немесе HDMI
кабелін пайдаланыңыз.
● Теледидар электрондық жабдықтан (бейнежабдықтан
жəне т.б.) немесе инфрақызыл қадағамен қамтылған
жабдықтан барынша алшақ болуын байқап отырыңыз.
Әйтпесе сурет/дыбыс бұрмалануы немесе басқа
жабдықтың жұмысында ақаулар пайда болуы мүмкін.
● Сонымен қатар, жалғанатын жабдықты қолдану
бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Жалғағыштар
ледидардың артқы панелі
1 EARPHONE құлаққаптарын қосуға арналған штекер
ұяшығы;
2 Компьютерден келетін бейнесигналды қосуға
арналған РС ағытпасы (VGA түріндегі ағытпа);
3 Сыртқы құрылғыларды қосуға арналған SCART
түріндегі ағытпа;
4 Компьютерден келетін дыбыстық сигналды қосу үшін
PC AUDIO штекер ұяшығы;
5 Антеннаны қосуға арналған RF ұяшығы;
6 Сыртқы құрылғыларды қосуға арналған COAXIAL
OUT ағытпасы;
7 Сыртқы бейнеқұрылғылардан келетін компоненттік
сигналды қосуға арнаоған MINI YPBPR ағытпасы
(мини-джек түріндегі ағытпа);
8 Карта қабылдағышпен қамтылған модульді қосуға
арналған SLOT CI+ ағытпасы;
9 Сыртқы құрылғыларды қосуға арналған MINI AV
ағытпасы (мини-джек түріндегі ағытпа);
10 Флэш-жады бар сыртқы құрылғыны қосуға арналған
USB ағытпасы;
11 HDMI ағытпасы - сығылмаған бейнесуретті жəне
дыбыстық сүйемелдеу сигналдарын сыртқы
құрылғыдан бір уақытта беруге арналған цифрлық
интерфейс.
Қ о с ы л ы с т а р
Антенна кабелі және қуат сымы
● Бұл үлгі алынбайтын қуат сымымен жиынтықталады.
● Антенна дұрыс емес жерде орнатылса, бөгеуілдер
болуы мүмкін.
AV / Ойын жабдығы
■ HDMI жалғағышын пайдалану
HDMI
Жер үсті
антеннасы
RF кабелі
Теледидар
HDMI кабелі
Жабдық

Содержание

Теледидарды дұрыс жалғау үшін қажетті кеңестер мен нұсқаулықтар. Кабельдер мен қосылыстарды қалай пайдалану керектігін біліңіз.

Скачать