Panasonic TX-24DR300ZZ — uSB флэш-жады арқылы медиа ойнатқышты пайдалану нұсқаулығы [29/54]

Panasonic TX-24DR300ZZ [29/54] Әдеттегі интерфейсті пайдалану
11
Қазақша
Сыртқы кірістен қарау
1 Сыртқы жабдықты жалғаңыз.
2 [Кiрiс көзі] мəзірін көрсетіп, содан соң қосылған
жабдықтың кірісін таңдаңыз.
Ескертпе
● Сыртқы жабдық пішімді реттеу атқарымына ие болса,
оны «16:9» пішіміне орнатыңыз
Медиа ойнатқышты пайдалану
Медиа ойнатқыш USB флэш-жадысында жазылған
фотосурет, музыка немесе бейнені пайдалануға
мүмкіндік береді.
Бұл теледидарда сурет дұрыс көрсетілмеуі мүмкін
жəне қолданылатын камераларға байланысты болады.
USB флэш-жады құрылғысында көптеген файлдар
мен бумалар болғанда, оларды көрсету үшін біраз
уақыт қажет болуы мүмкін.
Ішінара бүлінген файлдар кішірейтілген
ажыратымдылықпен көрсетілуі мүмкін.
Бумалар мен файлдардың атаулары қолданылатын
цифрлық камераға байланысты ерекшеленуі мүмкін.
USB флэш-жадын енгізу/алып тастау
Тіке жəне толығымен енгізіңіз немесе алып тастаңыз.
● USB қосқышының екі
құрылғылар бір мезгілде
байланыс.
Медиа ойнатқышты іске қосу
1 Теледидарға USB флэш жадын қосыңыз.
2 «SOURCE» батырмасын басыңыз, экранда
теледидардың сигнал көзі пайда болады. «USB»
режимін таңдаңыз жəне «OK» түймешігін басыңыз.
3 Экранда мəзір пайда болады. Курсорды «ФОТО»,
«АУДИО», «ВИДЕО», «ТЕКСТ» пиктограммасы арқылы
жылжытып, сыртқы USB құрылғылардан бейне көруге,
музыка таңдауға, фотолар мен мəтіндік файлдарды
көруге болады.
4 «◄», «►» Батырмалары арқылы керек
пиктограмманы таңдап, «ОК» батырмасын басыңыз.
Дискте керек бөлімшені таңдап, «ОК» батырмасын
таңдаңыз.
Фотосурет режимі
«ФОТО» Белгішесін басқаннан кейін, файлды
таңдаңыз, «INDEX ►» басқышын басыңыз.
Экранның төменгі жағындағы мəзірді қосу/ өшіру үшін
ойналып жатқан кезде «INFO» батырмасын басыңыз.
«◄», «►» жəне «OK» батырмаларын баса отырып, Сіз
мүмкіндік аласыз:
• слайдшоу режимінде бейнелерді көруге;
• суретті өңдеуге;
• сол / оң жақ суретті айналдыруға;
• кадрлау;
Бейне режимі
«ВИДЕО» пиктограммасын таңдап, керек файлды
таңдаңыз жəне «INDEX ►» батырмасын басыңыз.
Бейне ойнай бастайды.
Экранның төменгі жағындағы мəзірді қосу/ өшіру үшін
ойналып жатқан кезде «INFO» батырмасын басыңыз.
«◄», «►» жəне «OK» батырмаларын баса отырып, Сіз
мүмкіндік аласыз:
• бейнені оңға, солға айналдырады; келесі/ алдыңғы
видеоға көшеді;
• ойнатуды тоқтатады;
• бейнені ретімен ойнатуды орнатады, бір бейнені
қайталайды, бейне бөлімін қайталайды;
• сурет көрсету пішімін үлкейту немесе кішірейту;
• бірнеше есе үлкейту.
Ойнатуды тоқтату үшін «REVEAL ■» түймешігін
басыңыз.
Дыбыс режимі
«АУДИО» пиктограммасын таңдап, керек файлды
таңдаңыз жəне «INDEX ►» батырмасын басыңыз.
Музыка ойнай бастайды.
Экранның төменгі жағындағы мəзірді қосу/ өшіру үшін
ойналып жатқан кезде «INFO» батырмасын басыңыз.
«◄», «►» жəне «OK» батырмаларын баса отырып, Сіз
мүмкіндік аласыз:
• Тректі оңға, солға айналдырады; келесі/ алдыңғы
трекке көшеді.
• Тректің ойнауын тоқтатады.
• Тректін ойнау ретін орнату, бір тректі қайта ойнату.
Ойнатуды тоқтату үшін «REVEAL■» түймесін басыңыз.
Әдеттегі интерфейсті пайдалану
Әрдайым CI модулін қосу немесе алып тастау кезінде
теледидар қорегін өшіріңіз.
Модульді дұрыс бағытта салыңыз, содан соң
экранда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Смарт-карта мен CI модулі бір жиынтықта жеткізілсе,
алдымен CI модулін қосыңыз, содан соң оның ішінде
смарт-картаны салыңыз.
Экранда көрсетілетін атқарымдар, таңдалған CI
модулінің ішіндегісіне байланысты болады.
Нарықта, осы теледидармен толық өзара əрекетті
қамтамасыз етпейтін кіріктірілген бағдарламалармен
қамтылған CI модульдері ұсынылуы мүмкін. Бұл
жағдайда, бұйымның жеткізушісіне жүгініңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін CI модулін пайдалану
нұсқаулығын оқып шығыңыз немесе бұйымның
жеткізушісіне жүгініңіз.

Содержание

Сыртқы жабдықты қосу, медиа ойнатқыштың функциялары мен параметрлерін реттеу туралы толық нұсқаулық. Фотосуреттер, бейнелер мен музыкамен жұмыс істеу әдістері.

Скачать