Samsung HW-MS650 [94/111] Bt ready және bt pairing күйлері нені білдіреді

Samsung HW-MS650 [94/111] Bt ready және bt pairing күйлері нені білдіреді
KAZ - 16
BT READY және BT PAIRING күйлері нені білдіреді?
BT READY : Бұл режимде алдында қосылған теледидарларды іздеуге болады немесе
алдында қосылған мобильді құрылғыдан Soundbar құрылғысына қосылуға болады.
BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыға қосылуға болады. (“BT” режимінде болғанда
Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі
астапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.)
ЕСКЕРТПЕЛЕР
Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.
Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы
қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.
Дайын күйде болғанда 5 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.
Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған
дұрыс қосылмауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.
Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс
істемесе.
Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын
шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.
Тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу
мүмкін емес.
Soundbar жүйесін Bluetooth құрылғысына жұптағаннан кейін, құрылғының сканерленген
құрылғылар тізімінен [AV] Samsung Soundbar MSxxxтармағын таңдау Soundbar жүйесін
BT” режиміне автоматты түрде өзгертеді.
Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының жұпталған құрылғыларының тізімінде болса ғана
қолжетімді. (Bluetooth құрылғысы мен Soundbar бұрын кем дегенде бір рет жұпталуы қажет.)
Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының ізделген құрылғылар тізімінде Soundbar
көрсетілген кезде ғана пайда болады “BT READY”.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения