Polaris PGS 1518CA SteamProfi [36/49] Құрылғыны іске қоспас бұрын дайындау

Polaris PGS 1518CA SteamProfi [36/49] Құрылғыны іске қоспас бұрын дайындау
36
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
1. Құрылғы
2. Қондырма -қылшақ
3. Суға арналған алмалы-салмалы резервуар
4. Бөтелкеге құйылған суды пайдалану үшін Bottle+ адаптері
5. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
6. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі
7. Кепілдік талон
4. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ДАЙЫНДАУ
Орама қорабын ашып, барлық орама материалдарды алып тастаңыз.
Құрылғыны желіге жалғастырмас бұрын, алдымен сіздің электр желідегі қолданылатын
кернеудің электрлік параметрлері құрылғының сыртында көрсетілген кернеудің электрлік
параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғының сыртқы корпусын сәл ғана ылғал шүберекпен сүртіңіз де, содан кейін құрғақ
шүберекпен құп-құрғақ етіп, сүртіңіз.
Құралды алғашқы рет пайдаланудың алдында керек емес матаның бөлігін бумен жібітіп
үтіктеңіз, бұл құрылғының жұмыс бетінің таза екендігін куәландыруға қажет.
Өндіру барысында бумен жібітетін үтіктегіштің кейбір ішкі бөліктері майланған, сол
себепте құрылғыны алғашқы рет іске қосқан кезде, өндірісте қолднылатын май
қалдықтарының күюіне байланысты түтін шығуы мүмкін. Құрылғыны іске қосқан соң, біраз
уақыт өткеннен кейін түтіннің шығуы тоқтайды.
5. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Құрылғының суға арналған резервуарын (2) сағат тілінің қозғалу бағыты бойынша
айналдырып, бұраңыз да, оны төмен қарай тартып, бумен жібітетін үтіктегіш құрылғының
корпусынан(8) ажыратып, шығарыңыз.
Құрылғының суға арналған резервуарының түбінде (2) арнайы су құюға арналған
саңылауы бар, сол саңылаудың қақпағын (3) ашыңыз.
Құрылғының суға арналған резервуарын (2) MAX белгісіне дейін сумен толтырыңыз,
содан кейін резервуардағы су құюға арналған саңылауды қақпақпен (3) тығыздап
жабыңыз. Құрылғының сыртқы корпусына тамған су тамшыларды құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.
Құрылғының суға арналған резервуарын (2) құрылғының сыртқы корпусындағы (8) өз
орнына орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения