LG FH6G1BCH2N [66/108] Орнату орнының қажеттіліктері

LG FH6G1BCH2N [66/108] Орнату орнының қажеттіліктері
12
KK
Орнату орнының
қажеттіліктері
Орын
2 cm
0.5 cm
2 cm10 cm
Еден деңгейі : Бүкіл құрылғының астындағы
рұқсат етілетін еңіс – 1°.
Розетка : Құрылғы орналасуының екі жағынан
1 метр аралықта болуы керек.
Розеткаға бір аспаптан артық жалғамаңыз.
Қосымша саңылау : Қабырғаға – 10 см: арты
–2 см: оң және сол жағы.
Құрылғының үстіне ешқашан кір жуу
өнімдерін қоймаңыз не сақтамаңыз. Бұл
өнімдер бетін не басқару элементтерін
зақымдауы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аша барлық жергілікті кодтар мен
реттеулерге сәйкес дұрыс орнатылған және
жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы
керек.
Орналастыру
Құрылғы тегіс қатты еденге орнатыңыз.
Құрылғының айналасындағы ауа
айналысына кілем, алаша т.б. кедергі
болмайтынын тексеріңіз.
Құрылғының астындағы еденнің ойлы-қырлы
жерлерін ағаш бөліктерін, картондарды
немесе ұқсас материалдарды қойып,
тегістемеңіз.
Құрылғыны газ плитасының немесе қаптал
тарапы алюминий жұқалтырмен қапталған
көмір жағатын оқшаулағышына (85x60
см) жақын орналастыруға тура келсе, екі
құрылғының арасына асүй плитасын не пеш
қойыңыз.
Мұздау температурасына дейін жету
ықтималы бар бөлмелерге құрылғыны
орнатпаңыз. Қатып қалған шлангілер
қысыммен жарылуы мүмкін. Электрондық
басқару құралының сенімділігі мұз қату
температураларында нашарлауы мүмкін.
Құрылғы орнатылғанда, оның ақаулық
жағдайында маманға оңай қолжетімді
екендігін тексеріңіз.
Құрылғыны орнатып, құрылғыны
тұрақтандыру үшін берілген тасымалдау
бұрандасының сомын кілті арқылы
барлық төрт тіреуішін реттеңіз және
құрылғының үстіңгі жағы мен асүй жұмыс
бетінің арасында шамамен 5 мм саңылау
қалдырыңыз
Құрылғы қыс мезгілінде жеткізіліп,
температура мұз қату деңгейінен төмен
болса, құрылғыны пайдаланудан бұрын, оны
бөлме температурасында бірнеше сағатқа
қойыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл жабдық теңізде немесе тіркемелер,
ұшақ т.б. сияқты жылжымалы орындарда
пайдалануға арналмаған.
Электр қосылымы
Ұзартқышты не қос адаптерді
пайдаланбаңыз.
Пайдаланғаннан кейін әрқашан құрылғының
ашасын ажыратып, су жеткізуді өшіріңіз.
Ток сымы реттеулеріне сәйкес құрылғыны
жерге тұйықталған розеткаға қосыңыз.
Құрылғыны аша оңай қолжетімді
болатындай етіп орналастырыңыз.
Құрылғыны жөндеу білікті маман тарапынан
орындалуы керек. Тәжірибесіз адам
орындаған жөндеу жұмысы жарақатқа
немесе қауіпті ақаулыққа себеп болуы
мүмкін. Жергілікті қызмет көрсету
орталығыңызға хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства