LG FH6G1BCH2N [69/108] Су беру шлангісін қосу

LG FH6G1BCH2N [69/108] Су беру шлангісін қосу
15
KK
Құрылғының деңгейін
туралау
Егер еден тегіс болмаса, реттелмелі аяқтарды
қажетінше бұрыңыз (аяқ астына ағаш
кесектерін т.б. тықпаңыз). Барлық төрт аяғы
тұрақты екенін және еденге тіреліп тұрғанына
көз жеткізіп, жабдықтың барынша тегіс
қойылғанын тексеріңіз (Құрылыс деңгейін
пайдаланыңыз).
Құрылғының деңгейі тураланғаннан кейін
контргайкаларды құрылғының негізіне
қатайтып бекітіңіз. Барлық контргайкалар
қатайтылуы керек.
Көтеру Түсіру
Контргайка
Барлық 4
контргайканы мықтап
бекіту
Диагональді тексеру
Құрылғының үстіңгі бетінің жиектерін
диагональді бағытта итергенде, құрылғы
жоғары не төмен жылжытуға болмайды (екі
бағытты да тексеріңіз). Егер құрылғының
үстіңгі бетін диагональді бағытта итергенде,
машина шайқалса, аяқтарын қайта
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Ағаш не аралық типті едендер артық діріл
мен тұрақсыздықтың туындауына септігін
тигізуі мүмкін.
Егер кір жуу машинасы көтеріңкі жерге
орнатылған болса, құлап кетуі қаупін жою
үшін оны мықты бекіту керек.
Су беру шлангісін қосу
Су қысымы 0,1 МПа және 1,0 МПа (1,0 - 10,0
кгк/см
2
) арасында болуы керек.
Беру шлангісін клапанға жалғаған кезде
кертігін кетіруге не қисық бекітуге болмайды.
Егер су қысымы 1,0 МПа-дан асатын болса,
қысымды азайту құрылғысы орнатылуы
керек.
Шлангінің күйін мерзімді түрде тексеріп,
қажет болса, ауыстырыңыз.
Су беру шлангісіндегі резеңке
тығыздағышты тексеру
Су қабылдау шлангісімен бірге екі резеңке
тығыздағыш беріледі. Олар судың ағып
кетуін болдырмау үшін пайдаланылады.
Кранға қосылымның мықты бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Шланг жалғағышы
Резеңке
тығыздағыш
Шланг жалғағышы
Резеңке тығыздағыш

Содержание

Похожие устройства