Redmond RMC-M40S [26/44] Аспапты ішіне тостағансыз немесе бос тостағанмен жақпаңыз тамақ

Redmond RMC-M40S [26/44] Аспапты ішіне тостағансыз немесе бос тостағанмен жақпаңыз тамақ
26
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның
қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезін-
де қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тартыл-
майды.
Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының өндірістік не-
месе кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану ереже-
лерінің бұзылысы болып табылады.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректе-
нуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның тех-
никалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз
параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жер-
лендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның корпусы,
табағы мен металдық бөлшектері қызады! Абай болыңыз!
Асханалық қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау
үшін қақпақты ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжыту
кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, аша-
сынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүргіз-
беңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың
бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
Есте сақтаңыз: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақым-
дасаңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға,
сонымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы
мүмкін. Зақымданған электр бауы сервис-орталықта жылдам
ауыстыруды талап етеді.
Аспапты ішіне тостағансыз немесе бос тостағанмен жақпаңыз тамақ
дайындау бағдарламасын абайсыздан қосқан кезде бұл аспаптың сыни
қызуына немесе антикүйгіш жабындының зақымдануына әкеліп соқты-
рады.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз бұл
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы корпусының
ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және толық
суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқаулықтарды қатаң
ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында болмаған
балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ, сонымен қатар физикалық,
сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдардың пайдалануына
арналмаған. Балаларды қосылып тұрған аспаптың қасында қараусыз қал-
дырмаңыз.
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге тый-
ым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстар-
ды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз жасалған
жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақау болғанда пайда-
лануға тыйым салынады.

Содержание

Похожие устройства