Redmond RMC-M251 — мультипісіргіштің жұмыс сипаттамалары мен бағдарламалары [30/36]

Превью страниц Страница 30 / 36
Redmond RMC-M251 [30/36] Мультиповар бағдарламасы
30
Жұмыс сипаттамаларына шығу кезінде дисплейдегі индикаторы өшіп-жанатын
болады. Жұмыс параметрлеріне шыққан соң аспап дыбыстық дабыл береді, индика-
торы үзіліссіз жанып тұрады.
Қажет кезде «Старт» батырмасын баса отырып, автожылыту функциясын алдын ала
сөндіруге болады, автожылыту индикаторы сөнеді. батырмасын қайталап басу, осы
функцияны қайта қосады.
8. Әзірлеу уақытының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді, дисплейде
«End» жазбасы пайда болады. Әрі қарай, таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы
баптауларға байланысты, аспап автожылыту режіміне (дисплейде индикаторы
жанады) немесе күту режіміне ауысады.
9. Енгізілген бағдарламаны өзгерту үшін, әзірлеу бағдарламасын немесе автожылытуды
тоқтату үшін батырмасын басыңыз
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайындалған мультипісіргіштеріне
қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді пайда-
лануды ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.redmond.company сайтында таба аласыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама тағамдарды пайдаланушы белгілеген әзірлеу температурасы мен уақы-
тының параметрлері бойынша әзірлеуге арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы себебі-
нен мультипісіргіштері бірқатар асханалық аспаптарды ауыстыра алады және ескі аспаз-
дық кітапта табылған немесе Интернеттен алынған, сізді қызықтырған кез келген дерлік
рецепт бойынша тағам әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер ас дайындау температурасы 80°С-тан аспайтын болса, автожылыту функциясын
пайдалану ұсынылмайды.
Тағайындалу бойынша «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу уақыты 30 минут құрай-
ды, әзірлеу температурасы — 100°С. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапа-
зоны 5°С қадаммен 35-160°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны 1 минуттық
қадаммен 2 минуттан 12 сағатқа дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан
тыс қызудан қорғау үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты 2 сағатпен
шектеледі.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында көптеген әртүрлі тағамдар әзірлеуге болады. Біздің
кәсіби мамандарымыз ұсынатын аспаздық кітапты қолданыңыз немесе әртүрлі тағамдар
мен өнімдерді дайындау үшін ұсынылған температуралар бар арнайы кестешені қол-
даныңыз. Сондай-ақ қажетті рецептілерді www.redmond.company сайтында таба аласыз.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама күріш пен суда сусымалы ботқаларды пісіруге арналған. Бағдарлама су толық
қайнағаннан кейін автоматты сөндірілуді қарастырады. Осы бағдарламада әзірлеу
уақытын қолмен орнату және «Стартты кейінге қалдыру» және «Автоподогрев» функци-
ялары қол жетімсіз. Күту тәртібінде әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін батырмасын
басыңыз.
Сондай-ақ басқару тақтасында сәйкес батырманы баса отырып «ЭКСПРЕСС» бағдарла-
масын таңдауға және батырмасын басумен іске қосуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бидай және қара бидай ұнынан нанның әртүрлі түрлерін пісіру үшін ұсынылады. Бағдар-
лама қамырдын ашуынан піскенше әзірленуінің толық циклін қарастырады. Бағдарлама-
да әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағат. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен 10 минуттан 4
сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Осы бағдарламада «Автоподогрев» функциясының максималды жұмыс уақыты үш сағатпен
шектелген.
Пісірме сапасына әсер ететін болғандықтан, «Отсрочка старта» функциясын қолдануға
кеңес берілмейді.
Ингредиенттерді салу кезінде, олар тостағанның пайдалы көлемінің жартысынан ас-
пауын қадағалаңыз.
Әзірлеу уақытын 1 сағаттан кем орнату кезінде батырмасын басқаннан кейін пісіру
процесі басталады. Қамырды ашыту кезеңінде мультипісіргіш қақпағын ашпаңыз.
Пісірілетін өнім сапасы осыған байланысты.
Бағдарлама жұмысының бірінші сағатында қамырды ашыту кетеді, сосын пісіру. Бағдар-
ламаны әдепкі баптаумен іске қосқанда 2 сағаттық жұмыс аяқталғаннан кейін құрал ды-
быстық сигнал береді. Мультипісіргіш қақпағын ашыңыз және нанды аударыңыз. Егер
бағдарлама баптауына өзгертулер енгізілген болса, дыбыстық сигнал берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды құралдан шығару үшін ас үй қолғабын қолданыңыз.
Ұнды қолданар алдында оттегіге қанығу үшін және қоспаларды жою үшін елеу керек.
Уақытты қысқарту үшін және әзірлеуді жеңілдету үшін нанды әзірлеуге арналған дайын
қоспаны қолдануды ұсынамыз.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Етті, құсты, балықты, көкөністерді және көп құрамды тағамдарды буда әзірлеуге арналған.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 35 минутты құрайды. Әзірлеу
уақытын 5 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен
орнатуға болады. Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнер (жинаққа кіреді)
пайдаланылады.
Егер сіз осы бағдарламадағы автоматты баптауларды қолданбасаңыз, «Буда әртүрлі
өнімдерді әзірлеудің ұсынылатын уақыты» кестесіне жүгініңіз.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама көкөністер мен бұршақ тұқымдастарды әзірлеуге арналған. Әдепкі әзірлеу
уақыты 40 минут. Әзірлеу уақытын қолмен орнату диапазоны — 5 минуттық қадаммен 10
минуттан 8 сағатқа дейін.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама су қайнағанша жеткізуді, ингредиенттерді салу мен олардың әрі қарайғы
әзірлеуін қарастырады. Суды қайнату уақыты мен өнімдерді салу қажеттігі туралы дыбы-

Содержание

313

Мультипісіргіштің жұмыс режимдері, автожылыту функциясы және тағам әзірлеу бағдарламалары туралы ақпарат. Сапалы тағамдар дайындау үшін ұсыныстар.

Случайные обсуждения

Ответы 0

как рис варить?
1 год назад

Ответы 0

Как включить функцию на пару
1 год назад