Redmond RMC-M252 — мультипісіргіштің автожылытуды және әзірлеу функциялары [30/36]

Redmond RMC-M252 [30/36] Өзіңіз үшін жаңа мастершеф лайт функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
30
жасау кезінде осы функцияны алдын ала сөндіру функциясы қарастырылған. Осы мақсат-
та старт уақыты кезінде немесе бағдарлама жұмысы барысында батырмасын басыңыз.
Автожылытуды қайта қосу үшін батырмасын қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын пайдалану барысында автожылы-
ту қызметі жұмыс жасамайды.
Тағамдарды жылыту
Мультипісіргішін салқын тағамдарды жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультипісіргіш корпусына орнатыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз.
3.
батырмасын басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады. Таймер жылыту уақытын
тікелей санай бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
болған жағдайда батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді 12 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан астам
қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» автоматты бағдарламаларын пайдалану кезінде «МАСТЕР-
ШЕФ ЛАЙТ» функциясы қолжетімді емес.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту 1°С қадаммен
35-160°С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты 1 минут, әзірлеудің
максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы 1 минут.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана пайдалана аласыз. «Баста-
уды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы кезінде және жұмыс режиміне шығуды күтуде
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді болмайды.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында батырмасын басыңыз. Дисплейде
температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.
Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін — «–»
батырмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан
басталады.
3. 5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде
сақталады. Орнатылған температура бағдарлама жұмысы аяқталғанша немесе жаңа
өзгертуге дейін көрсетіліп тұрады.
Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау
үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында батырмасын басыңыз. Дисплейде
уақыт шамасының индикаторы жыпылықтайды.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арттыру үшін «+» батырмасын,
азайту үшін — «–» батырмасын басыңыз.
3. батырмасын қайта басыңыз және «+» және«–» батырмаларының көмегімен минут
шамасын орнатыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді.
Диапазонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнатудиапазон басынан
басталады. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
4. 5 секунд бойы басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгертулер автоматты түрде
сақталады.
Егер әзірлеу уақытының шамасын 00:00 орнатсаңыз, бағдарлама жұмысы тоқтатылады.
Автоматты бағдарламаларды қолданған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Ингредиенттерді мультипісіргіш тостағанында әзірлеу бағдарламасына сәйкес орна-
ластырып, оны аспап корпусына салыңыз. Барлық ингредиенттердің, соның ішінде
сұйықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын бақылаңыз.
Тостаған қиғаштықсыз орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жана-
сатындығына көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын тарсылға дейін жабыңыз. Аспапты электр желісіне қосыңыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз
4. Әзірлеу бағдарламасын таңдау үшін басқару панелінде сәйкес батырманы басыңыз.
Батырма жанындағы индикатор жанады, дисплейде әдепкі әзірлеу уақыты мен
индикаторы пайда болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдау кезінде дисплей-
де температураның әдепкі шамасы шығады.
5. Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, сіз оның
шамасын өзгерте аласыз («Әзірлеу уақытын орнату»).
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында сіз бағдарлама басталғанша сіз қалаулы әзірлеу
температурасын орната аласыз. батырмасын баса отырып параметрдің қажетті
мәнін орнатыңыз. Мәнді арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін «–» батырмасын
пайдаланыңыз.

Содержание

Мультипісіргіштің автожылытуды және әзірлеу функцияларын тиімді пайдалану. Жылыту, температура мен уақытты орнату бойынша нұсқаулықтар.

Скачать
Случайные обсуждения