Redmond RHF-3316 [21/28] Iii аспап күтімі

Redmond RHF-3316 [21/28] Iii аспап күтімі
RHF-3316
21
KAZ
қарқындырақ жүреді, осылайша жылы су үй-жайдағы ауаны жылдамырақ ылғалдандырады
және хош иісті майларды тиімдірек таратады (хош иістендіру функциясы пайдаланылған
жағдайда).
«Жылы бу» функциясын қосу/сөндіру үшін аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ пультін-
де түймесін басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде индикаторы жанады.
Ионизациялау функциясы
Аспап кірістіре орнатылған иондар генераторымен жабдықталған. Ылғалданған иондалған
ауа шаңның барынша жылдам басылуына жағдай жасайды, бұл – ылғалдық жиыстыруды
жеңілдетеді және оның тиімділігін арттырады, сондай-ақ ауаны микробтар мен аллерген-
дерден тазалауға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, иондалған ауа көңілкүй мен ұйқыны
жақсартады, шаршағыштықты төмендетеді.
Иондау функциясын қосу/сөндіру үшін аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ пультінде
түймесін басыңыз. Егер функция белсенді болса, дисплейде индикаторы жанады.
Хош иістендіру функциясы
Хош иістендіру әсеріне қол жеткізу үшін, аспапты қосар алдында аспаптың түпқоймасын
дағы ойықтан спонжы бар арнайы тұрынтақты шығарып алыңыз да, оған бірнеше тамшы
хош иісті май жағыңыз. Пайдаланғаннан кейін немесе хош иістендіруді тоқтатқаннан кейін
спонжы бар тұрынтақты шығарып алып, оны ағын сумен жуыңыз да, аспапқа орнатар ал-
дында бөлме температурасында толығымен кептіріңіз.
Ылғалдандыру қарқындылығын ретке келтіру
Сіз аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ пультінде түймесін баса отырып, ылғалдандыру
қарқындылығын ретке келтіре аласыз. Дисплейдегі индикатор белгіленген деңгейді көрсетеді:
минималды қарқындылық;
орташа қарқындылық;
максималды қарқындылық.
Ылғалдылық деңгейін ретке келтіру
Сіз 5% қадамымен 40%-дан 80%-ға дейінгі диапазонда ылғалдылықтың қалаулы деңгейін
бере аласыз. Белгіленген мәнге қол жеткізгеннен кейін аспап автоматты түрде сөнеді.
Аспаптың панеліндегі түймесін немесе ҚБ пультіндегі түймесін баса отырып қала-
улы мәнді таңдаңыз, ауыстырып қосу шеңбер бойынша жүзеге асады. Дисплейде инди-
каторы жанып. Таңдалған мәндер дисплейде бірнеше рет жыпылықтап, автоматты түрде
сақталады, дисплей ылғалдылық пен температураның ағымдағы деңгейін көрсетуге қайта
оралады.
Егер ылғалдылықтың берілген деңгейі үй-жайдағы ылғалдылық деңгейінен төмен бол-
са, аспап 2 минут жұмыс істегеннен кейін сөнеді.
Берілген ылғылдылық деңгейіне жеткенде құрал автоматты түрде бу жіберуді тоқтатады,
ылғылдану қарқыны индикаторы сөнеді. Егер бөлмедегі ылғылдылық деңгейі белгіленген-
нен төмен түсіп кетсе, қайтадан бу жіберу іске қосылады. Берілген деңгейді ұстап тұру
функциясын өшіру үшін құрал панеліндегі батырмасын не қашықтықтан басқару
пультіндегі батырмасын басып тұрып «». индикаторы сөнеді.
Автоматты тәртіптеме
Автоматты тәртіптемеде аспап ылғалдандырудың ең қолайлы тәртіптемесін таңдай отырып
үй-жайдағы ылғалдылық деңгейін 55-68% шамасында қуаттап отырады.
Автоматты тәртіптемені қосу/сөндіру үшін аспаптың басқару панеліндегі түймесін
бірнеше секунд бойы басып ұстап тұрыңыз немесе ҚБ пультіндегі түймесін басыңыз.
Автоматты тәртіптемеде жұмыс істеп тұрған кезде дисплейде индикаторы жанады.
Түнгі режим
Түнгі тәртіптемеде корпустың көмескі жарығы мен дисплейдегі индикация сөнеді. Түнгі
тәртіптемеге өту үшін аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ пультінде түймесін басыңыз,
дисплейде индикаторы жанады, бүкіл қалған индикациясы сөнеді. Шамамен 20 секунд-
тан кейін индикаторы сөнеді. Түнгі тәртіптемеден шығу үшін, аспаптың басқару пане-
лінде немесе ҚБ пультінде кез-келген түймені басыңыз ( түймесінен басқа).
Сөндіру таймері
Сіз 1 сағат қадамымен 1 сағаттан 10 сағатқа дейінгі диапазонда аспапты сөндіру уақытын
бере аласыз. Таймерді орнату үшін аспаптың басқару панелінде немесе ҚБ пультінде
түймесін басыңыз, ауыстырып қосу шеңбер бойынша жүзеге асады. Берілген уақыт аралығы
біткеннен кейін аспап автоматты түрде күту тәртіптемесіне өтеді. Егер функция белсенді
болса, дисплейде «Н» индикаторы жанады.
С мәнін орнатқан жағдайда таймер сөнеді.
III. АСПАП КҮТІМІ
Тазалау жөніндегі жалпы ұсыныстар
Құралды тазалауға кіріспес бұрын, оның электр желісінен ажыраулы екендігіне көз жет-
кізіңіз. Бұйымның тұрқын ылғалды шүберек немесе губкамен тазартыңыз. Бұйымның тұрқын
ылғалды сүлгімен немесе губкамен тазарту керек. Деликатты тазарту құралын қолдану
мүмкін болады.Судың мүмкін болатын тамшылары мен тұрқындағы сызықтарға жол бер-
меу үшін оның бетін құрғақ етіп сүртуге ұсыныс береміз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Суға арналған резервуарты таза ағын сумен жуыңыз және оны жұмсақ құрғақ матамен
сүртіңіз. Мембрананы щеткамен немесе жұмсақ талшықтармен тазартыңыз. Тазартқаннан
кейін суға арналған резервуар мен негіздемені кептіріңіз. Құрал үнемі жұмыс істеп тұрған
кезде тазалауды екі күнде бір рет жүргізу керек.
Құралды тазалау кезінде қатты сүрткіштер немесе губкаларды қолдануға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ химиялық агрессивті кез келген заттарды қолдануға болмайды.
Мембрана бетін өткір заттар және металл щеткалармен тазалауға тыйым салынады,
себебі бұл өнімділіктің төмендеуі немесе құралдың істен шығуына себеп болуы мүмкін.

Содержание