Smile WM 3608 [14/20] Қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты арнайы нұсқаулар

Smile WM 3608 [14/20] Қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты арнайы нұсқаулар
Аталған құралмен балалардың ойнауына жол бермеу мақсатында
оларды бақылауда ұстау керек.
Аспапты жылу және ылғал көздерінен, өткір заттардан т.б. алыс
ұстаңыз.
Электр сым мен аспаптың өзінің ақаусыз екенін тұрақты тексеріп
отырыңыз. Қандай да болмасын ақауды байқаған жағдайда аспапты
пайдаланбаңыз.
Электр желісіне қосатын сымды кұралды алып жүретін тұтқа ретінде
пайдалануға болмайды.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Құралды жөндеу және
ақаулы электр сымын ауыстыру үшін қызмет көрсету шеберханасына
апарыңыз.
Ешқашан да аспапты жәнеэлектр сымды суға немесе басқа да
сұйықтықтарға батырмаңыз. Аспапты су немесе ылғалды қолмен
ұстамаңыз.
Құрал өндірістік мақсатта емес күнделікті пайдалану үшін жасалған.
Пайдаланар алдында Сіздің тұтынатын электр жүйесінің кернеудің
күрт азаю-көбеюнен сақталғандығына көз жеткізіңіз.
Аспапты бөлмеден тыс жерде пайдаланбаңыз.
Аспапты тек тікелей мақсатта және осы нұсқаулықта көрсетілген түрде
пайдаланыңыз. Аспапты қате пайдалану оның бұзылуына, оған және
қосалқы бөлшектерінің сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Аспапты
тек қана тегіс және құрғақ жерге орналастырыңыз. Аспапты ыстық
жерге қоймаңыз. Қажет болса, оны қоюға қызуға төзімді кілемшені
пайдаланыңыз. Ас үйдегі ыдыс және қолжуғыштарда қолданылатын,
пластмассадан жасалған төсеніштерді аспаптың астына қою үшін
пайдаланбаңыз.
Аспапты жақсы желденетін жерлерде пайдаланыңыз. Өрт болмас үшін
аспапты ешқашан да жеңіл тұтанатын (мысалы перделер, ағаш және
т.б.) заттардың жанына қоймаңыз.
Жұмыс барысында аспаптың сырты қатты қызады, сол себепті
қолыңызды тигізіп алудан сақ болыңыз.
KAZ
Қауіпсіздік техникасын сақтауға
байланысты арнайы нұсқаулар
www.smile.su
14

Содержание

Похожие устройства

Скачать