Philips RQ1150/16 [30/70] Кіріспе

Philips RQ1150/16 [30/70] Кіріспе
30

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне
тіркеңіз.
Осы маңызды ақпараты бар буклетті мұқият оқыңыз. Мұнда ұстара
мен Jet тазалау жүйесіне (тек кейбір түрлерінде ғана) қатысты
маңызды заңдық және қауіпсіздік бойынша ақпарат бар. Ұстара мен
Jet тазалау жүйесін қалай пайдалану керектігі жөнінде ақпаратты
ұстарамен бірге берілетін пайдалану жөніндегі ақпараттық буклеттен
көре аласыз. Жиі қойылатын сұрақтарға жауап алу және қолдау үшін,
 сайтына кіріңіз.

Құралдарды қолданар алдында осы маңызды ақпарат буклетін мұқият
оқып шағыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.
Ескертпе: Осы буклеттегі «құрылғылар» термині ұстара мен Jet
Тазалау Жүйесіне қолданылады. Егер ұстараның Jet Тазалау Жүйесі
болмаса, бұл термин тек ұстараның өзін білдіреді.


- Адаптор суланбағандығына көңіл бөліңіз (Cурет 1).

- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп алып тастап, оны
басқа ашамен ауыстыруға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай
туғызады.
- Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса, немесе оның
қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы
төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі
аз адамдар (жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға
болмайды.


Содержание