Rovus MAGIC STEAMER 3IN1 Инструкция по эксплуатации онлайн [43/96] 282972

Rovus MAGIC STEAMER 3IN1 Инструкция по эксплуатации онлайн [43/96] 282972
43
5. Аспапты қуат көзіне қосылған күйінде қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғы қолданылмайтын кезде, сондай-ақ оған қызмет
көрсеткенде оны желіден ажыратыңыз.
6. Аспапты 8 және одан жоғары жастағы балалар, сондай-ақ дене,
сезіну немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі, не тәжірибелері
мен білімдері жеткіліксіз адамдар бақылауда болған немесе
құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөнінде егжей-тегжейлі түсініктеме
алған және ықтимал тәуекелдерді түсінетін жағдайда пайдалана
алады. Балалардың аспаппен ойнауларына тыйым салынады.
Құрылғыны тазалауды және оған қызмет көрсетуді 8 жастан асқан
балалар тек бақылаумен ғана жүзеге асыра алады.
7. Жарамсыз аспапты, соның ішінде желілік баусымы немесе айыры
зақымдалған аспапты пайдалануға тыйым салынады.Желілік
баусымы зақымдалған болса, қауіпті жағдайларды болдырмау
мақсатында оны алмастыру үшін білікті маманға жүгініңіз.
8. Аспапты электр желісінен ажыратқанда, баусымынан тартпаңыз.
Қуат көзінің баусымын есікпен қыспаңыз және қуат көзінің
баусымын өткір беттердің немесе бұрыштардың айналасынан
тартып созбаңыз. Аспапты желіден ажыратқанда, қуат көзінің
баусымынан емес, айырдан ұстаңыз.
9. Электр тогының соғуы немесе өрт тәуекелін болдырмау
мақсатында мына сақтық шараларын орындаңыз:
A) Бу швабрасын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
B) Штепсель айырын немесе бу швабрасын сулы қолмен
ұстамаңыз және аяқ киімсіз жұмыс істемеңіз.
C) Желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін дәл сол көзге
басқа электр аспаптарын қоспаңыз.
D) Аспапты өздігіңізден бөлшектеуге немесе жөндеуге
тырыспаңыз. Дұрыс құрастырмау құрылғыны пайдалану кезінде
адамдарды электр тогының соғуына немесе олардың жарақат
алуына алып келуі мүмкін.
10. Өз жұмыс орныңызды жақсы жарықтандырылған күйінде ұстаңыз.
11. Әсіресе аспапты баспалдақта пайдаланғанда, абай болыңыз.
12. Аспапты жұмыс істеу кезінде төңкеруге немесе бүйіріне аударып
жатқызуға тыйым салынады. Буды адамдарға, жануарларға
немесе өсімдіктерге бағыттауға тыйым салынады.
13. Саңылауларға бөгде заттарды салмаңыз. Саңылаулары бекітіліп
қалған аспапты пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства