Coolfort CF-1216 Синий [9/24] Қазақ

Coolfort CF-1216 [9/24] Қазақ
ҚазаҚ
9
ТЕРМОЭЛЕКТРЛІК ТАСЫМАЛДАНАТЫН
ТОҢАЗЫТҚЫШ
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Сізді «ВИТЕК» фирмасының өнімін
алғаныңызға рахмет айтамыз. Берілген
нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз
және аспапты нұсқаулыққа сәйкес
пайдалануға тырысыңыз. Берілген
нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
1. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пельтье элементтерін пайдаланатын
термоэлектрлік технологияны қолдануға
негізделген тоңазытқыш, - автомобильдерді
жүргізушілер және спортсмендер үшін ең
жақсы таңдау. Сіз серуендерге, қаладан тыс
сапарларға, саяхаттарға шыққан уақытта
және сонымен қатар жолдағы автомобильді
кептелістер пайда болған уақытта салқын
сусындармен рақаттана аласыз.
2. СИПАТТАМАЛАРЫ
Егер Сіз тоңазытқышты алдын-ала
мұздатылған азық-түлікпен немесе
салқындатылған сусындармен
толтырсаңыз, салқындатудың анағұрлым
жоғары нәтижесіне жетесіз, сол кезде
олар ұзақ уақыт салқын болып қалады.
Бөлме температурасындағы азық-түлік
пен сусындарды салқындату үшін 2-3
сағат қажет. Анағұрлым жылы азық-түлік
пен сусындарды салқындату үшін, әрине,
көбірек уақыт қажет болады.
3. СИПАТЫ
1. Салқындату торлары
2. Тасымалдауға арналған қолсап
3. Автомобильде қоректендіруге арналған
бау
4. ЖАБДЫҚТАРЫ
Тұрақты токтан қоректендіру бауы
Машинаның тұтандырғыш ұясына қосылады
(12 В кернеуі бар тұрақты ток)
5. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Қоректендіру бауының штепселін Сіздің
машинаңыздың тұтандырығышы ұясына
салыңыз (12 В) және аспап жұмыс істей
бастайды.
2. Аспапты сөндіру үшін қоректендіру
бауының штепселін тұтандырғыш
ұясынан ажыратыңыз.
6. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
1. Тоңазытқыш жұмыс істеген уақытта,
жақсы желдетіс пен ауа айналымын
қамтамасыз ету қажет.
2. Желдеткіш қалақтарының бөгеттелуіне
жол бермеңіз және онымен басқа
заттардың арасында 10 см-ден аз емес
қашықтықты қамтамасыз етіңіз.
3. Аспапты тазалауға күшті қышқылдарды,
бензинді және табиғи еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
4. Аспапты қатты соққылардан қорғаңыз.
Бұл аспаптың бүлінуіне, бөлшектердің
сынуна немесе тізбектің ішкі
элементтерінің үзілуіне әкелуі мүмкін.
5. Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге
тырыспаңыз, тел туындыгерлес қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
6. Аспапты жоғары температура
немесе ылғалдылық жағдайларында
пайдаланған кезде аспаптың ішінде
тамшылар пайда болады. Бұл аспаптың
ақаулығын білдірмейді, тек тамшыларды
құрғақ матамен сүртіңіз.
7. Аспапты балаларға ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат етпеңіз.
8. Аспапты кемпингте пайдалануға болады.
Аспапқа тікелей күн сәулелерінің және
жаңбырдың әсерін тигізбеңіз.
9. Электр тоғы соққысын болдырмау үшін
аспапты пайдаланғанда оның бетіне
сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.
7. КҮТІМІ МЕН ТАЗАЛАУ
а) Аспапты тазалау алдында оны
қоректендіру көзінен ажыратыңыз.
б) Майлы ластануды жою үшін бейтарап
жуғыш затты пайдаланыңыз.
в) Сәл ластануды жою үшін, оны таза
дымқыл матамен сүртіңіз.
CF-1216.indd 9 16.11.2011 11:50:01

Содержание

Похожие устройства

Скачать