Gorenje EC57345AW Белый [39/52] Электрондық бағдарламалаушы kz

Gorenje EC57345AW Белый [39/52] Электрондық бағдарламалаушы kz
326554
1 Қоңырау
2 Дайындау уақыттың ұзақтығы
3 Дайындау уақыттың аяқталуы
4 «–» түймесі
5 «+» түймесі
Қазіргі уақытты орнату
Құралды электр желіге қосқанда жəне электр қуаты бөлініп қалғанда дисплейде 0 00 мен S3
индикаторы жыпылықтайды. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз да, одан кейін 4 пен
5 түймелермен дəл тəулік уақытын орнатыңыз. Бірнеше секундтан S1 индикаторы жанып,
құралдың қолмен іске қосу режимінде жұмыс істейтігін көрсетеді.
Егер «+» немесе «–» түймелерін баса отырып, көрсеткішті тезірек өзгіртуге
болады (үлкейеді не керісінше төмендейді).
Қолмен іске қосу режимі
Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз. Орнатылған барлық функциялар өзгертіледі (S3
индикаторы қосылып тұрған жағдайда өшіп қалады). S1 индикаторы қосылады. Бұл құралдың
қолмен іске қосу режимінде жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау
Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау үшін пешті қосып, қыздыру режимі
мен температураны таңдаңыз. Содан кейін, қажетті функцияны орнатуға болады.
Дайындап болған соң, пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.
Құралды электр желіге алғаш рет қосқан соң жəне электр
қуаты бөлініп қалған жағдайда қазіргі уақытты орнату қажет.
Қазіргі уақытты орнатпаған жағдайда, пешті
қолдануға болмайды.
Егер құрал пешті өшіру ажыратқышпен жабдықталмаған
болса, онда қыздырғыш элементтер пештің ашық есігінде де
жұмыс істеуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар!
39
Электрондық бағдарламалаушы KZ

Содержание

Похожие устройства

Скачать