Grundfos UPS 40-50 F N 250 95906422 [26/64] Қазақша kz

Grundfos UPS 32-100 F 220 95906483 [26/64] Қазақша kz
Қазақша (KZ)
26
1.3 Қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігі және оларды оқыту
Жабдықты пайдаланатын, техникалық қызмет көрсететін және бақылау тексерістерін,
сондайқ монтаждауды орындайтын қызметкерлердің атқаратын жұмысына сәйкес біліктілігі
болуы тиіс Қызметкерлер құрамы жауап беретін және ол білуі тиіс мәселелер аясы бақылануы
тиіс, сонымен бірге құзіреттерінің саласын тұтынушы нақты анықтап беруі тиіс
1.4 Қауіпсіздік техникасы нұсқаулықтарды сақтамаудың зардаптары
Қауіпсіздік техникасы нұсқаулықтарын сақтамау адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті
зардаптарға соқтыруы, сонымен бірге қоршаған орта мен жабдыққа қауіп төндіруі мүмкін
Қауіпсіздік техникасы нұсқаулықтарын сақтамау, сондайқ залалды өтеу жөніндегі барлық
кепілдеме міндеттемелерінің жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін
Атап айтқанда, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтамау, мәселен, мыналарды туғызуы
мүмкін:
• жабдықтың маңызды атқарымдарының істен шығуы;
• міндеттелген техникалық қызмет көрсету және жөндеу әдістерінің жарамсыздығы;
• электр немесе механикалық факторлар әсері салдарынан қызметкерлер өмірі мен денсаулығына
қатерлі жағдай
1.5 Жұмыстарды қауіпсіздік техникасын сақтай отырып орындау
Жұмыстарды атқару кезінде монтаждау және пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықта келтірілген
қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар, қолданылып жүрген қауіпсіздік техникасы
жөніндегі ұлттық нұсқамалар, сондай-ақ тұтынушыда қолданылатын жұмыстарды атқару,
жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы жөніндегі кез-келген ішкі нұсқамалар
сақталуы тиіс
1.6 Тұтынушыға немесе қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған қауіпсіздік техникасы
туралы нұсқаулық
• Егер жабдық пайдалануда болса, ондағы бар жылжымалы тораптар мен бөлшектерді бұзуға
тыйым салынады
• Электр қуатына байланысты қауіптің туындау мүмкіндігін болдырмау қажет (аса толығырақ,
мәселен, ЭЭҚ және жергілікті энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындардың нұсқамаларын
қараңыз)

Содержание

Похожие устройства

Скачать