Nec MultiSync C501 — microSD карта мен USB жадын пайдалану бойынша нұсқаулық [23/60]

Превью страниц Страница 23 / 60
Nec MultiSync C501 [23/60] Файлды көрсететін экран
Қазақ-21
Қазақ
microSD карта ұясының қақпағын орнату
microSD жад картасын қорғау үшін, microSD карта ұясының қақпағын орнатуға кеңес береміз.
microSD картасы қақпағының жиегін тесікке енгізіңіз. (Ұсынылатын бекіту күші: 139-189 Н•см).
microSD картасының қақпағы орнатылған.
Ұя
Үйлесімді USB жады
USB жадын медиа ойнатқышта пайдаланғыңыз келсе, оны FAT32 немесе FAT16 пішімінде пішімдеңіз. USB жадын пішімдеу жолын компьютер
нұсқаулығының пайдаланушы нұсқаулығынан немесе анықтама файлынан қараңыз.
USB жадын осы монитормен төмендегі кескінге сәйкес пайдаланыңыз.
USB құрылғысының физикалық өлшемі төменде берілген қолдау көрсетілетін өлшемдерден жоғарырақ болса, USB кеңейту кабелін пайдаланыңыз.
C431: 70 мм-ден аз
C501: 145 мм-ден аз
C551: 200 мм-ден аз
USB жады
Кеңейткіш кабель
5,5 мм-ден аз
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жалғанған USB жадын анықтай алмаса, пішімін тексеріңіз.
Коммерциялық жолмен сатылған барлық USB жадтарымен жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді.
USB жадын USB (2A) портына жалғаңыз (16-бетті қараңыз).
Файлды көрсететін экран
Файлдарды медиа ойнатқыштағы белгішелерді немесе нобайларды пайдаланып көрсетуге болады.
Белгішені көрсету
RETURN (ҚАЙТУ) Жоғарыдағы бір тиісті деңгейге кері барады.
PAGE UP (ЖОҒАРҒЫ БЕТ) Алдыңғы файлдар тізімін көрсетеді.
PAGE DOWN (ТӨМЕНГІ БЕТ) Келесі файлдар тізімін көрсетеді.
SE INGS (ПАРАМЕТРЛЕР) Параметр терезесін көрсетеді.
THUMBNAILS/ICON
(НОБАЙ/БЕЛГІШЕ)
Нобай терезесі мен белгіше терезесі арасында ауысады.
SORT (СҰРЫПТАУ) Файлдарды атауы (файл атауы), түрі (файл кеңейтімі), күні (жасалған күні) немесе өлшемі (файл сыйымдылығы)
бойынша көрсету ретін өзгертеді. Әдепкі сұрыптау реті – «Атауы» бойынша.
EJECT (ШЫҒАРЫП АЛУ) Мониторға енгізілген USB сақтау құрылғысынан немесе microSD жад картасынан ажыратады. Файлдар тізімі
көрсетілгенде EJECT (ШЫҒАРЫП АЛУ) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қалтада көрсетуге болатын файлдардың, соның ішінде, қалта белгішелерінің максималды саны - 300.
Қалта иерархиясы 16-деңгейге дейін көрсетіледі.
Түрі анықталмаған файл белгішесі «?» таңбасымен көрсетіледі.
Файлға байланысты нобайдың көрсетілмеуі мүмкін.

Содержание

247

microSD карта мен USB жадын дұрыс пайдалану үшін қажетті нұсқаулар мен кеңестер. Құрылғыларды пішімдеу, орнату және файлдарды көрсету туралы ақпарат.