Nec MultiSync C501 — қоршаған ортаны қорғау және қайта өңдеу саясаты [59/60]

Превью страниц Страница 59 / 60
Nec MultiSync C501 [59/60] Өндірушінің қайта өңдеу және энергия жөніндегі ақпараты
Қазақ-57
Қазақ
NEC DISPLAY SOLUTIONS қоршаған ортаны қорғау саясатын қолдайды және қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында
материалдарды қайта өңдеуді компанияның негізгі басымдылықтарының бірі деп есептейді. Біз қоршаған ортаға зиянсыз өнімдерді шығарамыз
және әрқашан ISO (Стандарттар жөніндегі халықаралық ұйым) және TCO (Швед кәсіподағы) сияқты ұйымдардың ең соңғы тәуелсіз
стандарттарын анықтауға және орындауға көмектесуге тырысамыз.
Ескі NEC өнімін жою
Материалдарды қайта өңдеудің мақсаты материалдарды қайта пайдалану, жаңарту, қалпына келтіру немесе қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны
қорғау болып табылады. Арнайы қайта өңдеу орындары қоршаған ортаға зиянды компоненттердің дұрыс өңделуін және қауіпсіз түрде жойылуын
қамтамасыз етеді. Өнімдеріміздің жоғары деңгейде қайта өңделуін қамтамасыз ету үшін NEC DISPLAY SOLUTIONS компаниясы әр түрлі
қайта өңдеу процедураларын ұсынады және өнімнің пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны қоршаған ортаға зиянсыз әдіспен жою туралы
кеңестер береді.
Өнімді жою және қайта өңдеу ұйымдары туралы елге байланысты қажетті барлық арнайы ақпаратты келесі веб-сайттардан таба аласыз:
h ps://www.nec-display-solutions.com/p/greenvision/en/greenvision.xhtml (Еуропада),
h p://www.nec-display.com (Жапонияда) немесе
h p://www.necdisplay.com (АҚШ-та).
Энергияны үнемдеу
Осы мониторда қуатты үнемдеудің кеңейтілген мүмкіндігі бар. Дисплей қуатын басқару сигналы мониторға берілген кезде «Қуатты үнемдеу»
режимі қосылады. Монитор «Қуатты үнемдеу» режиміне өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін кіріңіз:
h p://www.necdisplay.com/ (АҚШ-та)
h p://www.nec-display-solutions.com/ уропада)
h p://www.nec-display.com/global/index.html (глобалдық)
ErP талабы/For ErP (желінің күту режимі) талабы үшін:
Параметр: INPUT DETECT (ЕНДІРУДІ АНЫҚТАУ) опциясы NONE (ЕШБІРІ) емес, STANDBY USB POWER опциясы
ENABLE (ҚОСУ) немесе QUICK TURN ON опциясы ENABLE (ҚОСУЛ).
Энергия шығыны: 2 Вт немесе одан аз (Сары жанады).
Қуатты басқару функциясына арналған уақыт: 40 с (Әдепкі параметр)
(Мониторда бірнеше сигнал кірісі болатын жағдайдан басқа.)
Энергия шығыны: 0,5 Вт немесе одан аз (Сары жыпылықтайды).
Қуатты басқару функциясына арналған уақыт: 3 мин. (Әдепкі параметр)
(Мониторда бірнеше сигнал кірісі болатын жағдайдан басқа.)
WEEE белгісі (Еуропалық директива 2012/19/EO және оның түзетулері)
Пайдаланылған өнімді утилизациялау: Еуропалық Одақта
ЕО заңына сәйкес, әрбір мүше елде қабылданғандай, сол жақта көрсетілген белгісі бар пайдаланылған электр және
электрондық өнімдер тұрмыстық қалыпты қалдықтардан бөлек жойылуы тиіс. Оған мониторлар мен электр жабдықтары
кіреді, мысалы, сигнал кабельдері немесе қуат кабельдері. Осында өнімдерді утилизациялағанда жергілікті билік органдарының
нұсқауларын орындаңыз немесе өнімді сатып алған дүкеннен сұраңыз немесе қолданыстағы заңды не сізде бар келісімді
(қолданылатын болса) орындаңыз. Электр және электрондық өнімдердегі белгі тек ағымдағы Еуропалық Одаққа мүше елдерге
қолданылуы мүмкін.
Еуропалық Одақтан тыс
Егер пайдаланылған электр және электрондық өнімдерді Еуропалық Одақтан тыс жерде утилизациялау қажет болса, жергілікті билік
органдарына хабарласып, утилизациялаудың дұрыс әдісі туралы сұраңыз.
ЕО үшін: Үсті сызылған дөңгелекті қоқыс контейнері қолданылған батареяларды жалпы тұрмыстық қалдықпен бірге тастамау
қажеттігін білдіреді! Заңнамаға сәйкес дұрыс қолдануға және тастауға мүмкіндік беру үшін қолданылған батареяларға арналған
жеке жинау жүйесі бар.
ЕО 2006/66/EC директивасына сәйкес, батареяны қате утилизациялауға болмайды. Жергілікті қызметтің жинауы үшін батарея бөлек
тасталуы қажет.
Өндірушінің қайта өңдеу және энергия жөніндегі ақпараты

Содержание

247

Біздің компания қоршаған ортаны қорғауға және материалдарды қайта өңдеуге ерекше назар аударады. Біз экологиялық таза өнімдер шығарып, стандарттарға сәйкес жұмыс істейміз.