Nec MultiSync X551UHD IGT (InGlass Touch) [9/56] Параметр тақтасын пайдалану

Nec MultiSync X551UHD IGT (InGlass Touch) [9/56] Параметр тақтасын пайдалану
Қазақ-7
Қазақ
3. Параметр тақтасын пайдалану
1. Басты қуат қосу пәрменін өшіріңіз.
2. Бекітілген бұрандаларды қайта босата отырып, салынған ұя
қақпағын алыңыз (1-сурет).
3. Параметр тақтасын монитор ішіне енгізіңіз. Алынған бұрандалар
арқылы ұя қақпағын салыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қол жетімді параметр тақталары үшін қызмет
көрсетушіңізге хабарласыңыз.
Оны бұрандалармен бекітпестен бұрын қосымша
тақтаны басқаруда шамадан тыс күш қолданбаңыз.
1-сурет
4. Қосымша үстел тіреуін орнату және жылжыту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Тіреуді орнату және алу әрекеттерін
X551UHD құрылғысы үшін екі немесе одан
көп адам, ал X651UHD-2 құрылғысы үшін төрт
немесе одан көп адам орындауы қажет.
Орнату үшін тіреумен немесе орнату құралымен қоса берілген келесі
нұсқауларды орындаңыз. Өндіруші ұсынған құрылғыларды ғана
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: X551UHD құрылғысы үшін монитормен бірге
берілген бұрандаларды ҒАНА пайдаланыңыз.
X651UHD-2 құрылғысы үшін қосымша үстел
тіреуімен берілген бұрандаларды ҒАНА
пайдаланыңыз.
LCD монитор тіреуін орнатқанда, саусақтарыңызды қысып алудан
сақтау үшін құрылғыны абайлап ұстаңыз.
Қосымша үстел тіреуі
Үс т е л
Қорғаныс тақтасы
ЕСКЕРТУ: X551UHD құрылғысы үшін ST-5220 моделін
пайдаланыңыз. Аяқтарының ұзын жақтары бетімен
алға қарап тұратындай етіп тіреуді орнатыңыз.
X651UHD-2 құрылғысы үшін ST-651 моделін
пайдаланыңыз. Тіреуді тіреудің бетінде көрсетілген
көрсеткі бағытында орнатыңыз.
5. Желдету талаптары
Қоршалған немесе оқшау аумақта орнатқанда, төменде көрсетілендей
ыстық таралып кетуі үшін монитор мен қабырға арасында жеткілікті
орын қалдырыңыз.
Ыстық құрылғыдан және орнату құралынан дұрыс таралуы үшін,
әсіресе бірнеше құрылымды экранда мониторларды пайдаланғанда,
монитордың айналасында жеткілікті желдетумен немесе ауамен
кондициялауды қамтамасыз етіңіз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі динамиктердің дыбыс сапасы бөлменің
акустикасына байланысты өзгереді.
6. Еңкейтуді алдын алу
Дисплейді қосымша үстел тіреуімен бірге пайдаланғанда,
монитордың құлап қалуының алдын алу үшін оның салмағын ұстап
тұратын кабель немесе шынжырды пайдаланып қабырғаға LCD
мониторын бекітіңіз. Берілген қысқыштар мен бұрандаларды
пайдаланып кабельді немесе шынжырды мониторға бекітіңіз.
X651UHD-2 құрылғысы үшін қосымша үстел тіреуімен бірге
кабельдер мен шынжырлар берілген.
Бұранда (M4)
Кабель немесе шынжыр
Қысқыш
440 мм (X551UHD)
400 мм (X651UHD-2)
Бұранда тесіктері
LCD мониторын қабырғаға бекітпестен бұрын қабырға монитордың
салмағын ұстап тұра алатынына сенімді болыңыз.
LCD мониторын жылжытпастан бұрын қабырғадан кабель мен
шынжырды алып тастағаныңызды тексеріңіз.

Содержание

Скачать