Scarlett SC-SH65R55 Инструкция по эксплуатации онлайн [10/19] 316758

Scarlett SC-SH65R55 Инструкция по эксплуатации онлайн [10/19] 316758
IM018
www.scarlett.ru SC-SH65R55
10
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамасында, сондай-ақ ілеспе құжаттамада
көрсетілген.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Аспап сақал, жақ сақал, мұрт қыруға арналған.
Алғаш рет іске қосар алдында аккумулятордың зарядын толық тауысып, қайтадан зарядтау
қажет.
Зарядтау уақыты 8 сағатты құрайды.
Аккумуляторды зарядтау үшін ұстараны қосқышты OFF қалпына ауыстыру арқылы ұстараны
өшіріңіз. Адаптердің істігін зарядтауға арналған ұяшыққа сұғыңыз да, бауды электр желісіне
жалғаңыз. Сол кезде жарық индикаторы жанады.
Аккумуляторды зарядтағаннан кейін ұстараны электр желісінен ажыратыңыз. Ұстара жұмысқа
дайын.
ЖҰМЫСЫ
Артқы қақпағын алыңыз.
Қосқышты ON қалпына қойыңыз.
Бос қолыңызбен терісіңізді тартыңқырап тұрып, ұстараны сақал өсетін бағытқа қарама-қарсы
ақырындап жылжытыңыз.
Сақал қырған кезде ұстарының үстінен баспау керек (қатты бассаңыз, бұл бастиектердің бүлініп,
таз сынуға бейім болуына әкелуі мүмкін).
Қысқа-қысқа айналдыра қозғайтын қимылдар жасаңыз.
Жұмысты бітіргеннен кейін қосқышты OFF қалпына ауыстырыңыз.
Ұстараның жүзіне қорғағыш қақпақты кигіңіз, бұл ұстара пайдаланылмаған жағдайда оның жүзін
бүлінуден қорғау үшін керек.
ТРИММЕР
Триммерді ашу үшін оның қосқышын төмен жылжытыңыз.
Триммерді терінің бетіне 90
0
бұрышпен тұратындай етіп орналастырыңыз да, ұстараны төмен
қарай қозғаңыз, осындай тәсіл самайдағы сақал-шашты біркелкі ету үшін өте қолайлы. Сондай-
ақ триммерді сақал алардан бұрын ұзын қылшықтарды қысқарту үшін пайдалануға болады.
Қылшықтарды қысқартқаннан кейін ұстараны сақалды біртегіс етіп қыру үшін пайдалануға
болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Ұстараны пайдаланып болғаннан кейін әр кез оны жақсылап тазалау қажет.
Ұстараны өшіріңіз де, қосқышты OFF қалпына ауыстырыңыз.
Алмалы қалқымалы жүйенің қаңқасын ағытатын түймені басыңыз.
Алмалы ұстара жүйесін ағып тұрған суға жуыңыз.
Ұстараның қалпақтары мен бастиектерін ажыратып алу үшін бекіткіш жақтаудағы бұранданы
бұраңыз. Оларды жақсылап жуыңыз. Қажет болған жағдайда оларды жинаққа кіретін арнайы
шөткемен тазалауға болады.
Арнайы шөткемен ұстара жүйесінің барлық бөліктерін және сақал-шашқа арналған ұяны
тазалаңыз. Ескерту: сақал-шашқа арналған ұя мен ұстараның өзінің корпусын жууға болмайды!
Ұстараны тазалағаннан кейін механизмін майлаңыз.
САҚТАЛУЫ
Ұстараны құрғақ жерде сақтау керек.
БАТАРЕЯНЫ АЛУ
Аспапты қоқысқа тастаудан бұрын оны батареясын алып шығу қажет.
Батареяны алып шығу кезінде аспапты электр желісінен ағытып қою керек.
Бұйымда, қаптамада және (немесе) ілеспе құжаттамада көрсетілген осы таңба
пайдаланылған электрлік және электрондық бұйымдар мен батареяларды әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге қоқысқа тастауға болмайды дегенді білдіреді. Оларды мамандандырылған
қабылдау орындарына тапсыру керек.
Қолданыстағы қалдық жинау жүйелері туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті билік
органдарына хабарласыңыз.
Дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтап қалуға және қалдықтарды дұрыс қолданбаудың
нәтижесінде пайда болуы мүмкін, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына
ықтимал теріс ықпалды болдырмауға көмектесе алады.

Содержание