Polaris PWK 1774CGL [23/28] Ақауларды іздестіру және жою әдістері

Polaris PWK 1774CGL [23/28] Ақауларды іздестіру және жою әдістері
23
Осы қоспаны қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз, бірнеше рет
қайнатыңыз.
Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Сондай-ақ, Сіз шыныдан жасалған шәйнектерді қақтан тазартуға арналған арнайы
құралдарды пайдалана аласыз. Дайындаушының қаптамадағы кеңесін басшылыққа
алыңыз.
Назар аударыңыз!
Шәйнектің ішкі жағын тазарту үшін агрессивті және абразивті жуғыш құралдарын
ешқашан пайдаланбаңыз.
Қақтан тазартуға арналған ұнтақты пайдаланғанда қашанда су қосыңыз. Бұл тазартуға
арналған құралды суы жоқ шәйнекке ешқашан қолданбаңыз.
4. Сүзгіні тазарту
Шәйнектің қақпағын ашыңыз.
Сүзгіні тазарту үшін, оны аздап жоғары жаққа қарай көтеріңкіреп, ағып тұрған судың
астына қойып, жұмсақ қылшақтың (жиынтыққа кірмейді) көмегімен абайлап тазартыңыз.
Бірнеше уақыттан кейін шәйнектің қыздыру элементінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл
қарқынды қызу салдарынан болатын нәтиже. Бұл қалыпты нәрсе болып табылады,
шәйнекті еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға болады.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құралды пайдалану
барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін мультипісіргішті қолдану
барысында қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен
жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды қатаң түрде
қадағалаңыз.
6. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ЖОЮ ӘДІСТЕРІ
Ақаулық
Себеп
Шешім
Шәйнек, су қайнамас
бұрын сөнеді.
Қыздыру элементінде қақ
пайда болды.
«Тазарту және күтім» 5
тармағын басшылыққа алып,
оның нұсқамаларына
сәйкесінше шәйнекті қақтан
тазартыңыз.
Шәйнек іске қосылмайды.
Желілік ток көзі
(розеткасы) жұмыс
істемейді.
Шәйнекті басқа (розеткаға)
ток көзіне жалғастырыңыз.
Желілік сым ақаулы
Құралды жөндеу үшін немесе
оның бөлшектерін ауыстыру
үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Суы жоқ шәйнекті
байқамай қосқан жағдайда
оның күйіп кетуден
сақтандыру жүйесі іске
қосылады.
Пайдаланған соң, шәйнекті
суық сумен толтырмас бұрын,
15 минут бойы, ол суығанша
күте тұрыңыз, содан кейін оны
суық сумен толтырыңыз.
7. САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ
Құралдарды тасымалданатын көлік түрінде әрекет ететін, механикаландырылған жүк
тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық
көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден сақтау әрекеті қамтамасыз етілуі тиіс –
бұйым сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін сақтау.

Содержание

Скачать