Polaris PWK 1774CGL [24/28] Қалдықтарды кәдеге жарату бойынша талаптар

24
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ
әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
8. IСKE
Жүзеге асыру ережелері анықталған жоқ.
9. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген
тәртіппен және салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну
қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар»
Санитарлық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті
түрде жиналуы тиіс.
10. ОСЫ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР
Шәйнекті тек қана суды қайнату үшін қолданыңыз. Құралды басқа сұйықтықпен ешқашан
толтырмаңыз.
Ешқашан да суы жоқ шәйнекті қоспаңыз .
Шәйнекке тек ішуге жарамды, таза, суық суды құйыңыз.
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас
үйлік шкафтардың астына қоймаңыз.
Шәйнекті тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа орналастырыңыз.
Шәйнекті Max белгісінен асыра және Min белгісінен төмен толтырмаңыз. Егер шәйнекке
су тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен ағып, шашырап кетеді.
Салбырап тұрған сымдар оқыс оқиғалардың себепкері болуы мүмкін, әсіресе, егер сымды
балалар тартқылаған болса. Шәйнекті үстелдің шетінен/жұмыстық қабаттан барынша алыс
жұмыстық қабатқа қойыңыз.
Ешқашан шәйнекті қақпақсыз қолданбаңыз және қызу кезінде қақпақтың мұқият
жабылғанын қадағалаңыз.
Шәйнек түпқоярда тұрған кезде оған ешқашан су құймаңыз.
Шәйнек жұмыс істеп тұрғанда оны ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Шәйнектің сыртқы бөлігінен ұстамаңыз (себебі, құрал қосылғаннан кейін ол қатты
қызады), сондай-ақ қақпақтан шығып тұрған буға қолыңызды төсемеңіз. Шәйнекті тек
тұтқасынан ұстаңыз.
Шәйнектің ішінде ыстық судың барын есіңізді сақтаңыз, қосымша қорғаныс үшін құралдың
қақпағын ашқан кезде немесе суды шәйнектен құю барысында қолдарыңызды шәйнектің
шүмегінен қауіпсіз қашықтықта ұстауға кеңес беріледі.
Егер шәйнектің сырты, электрмен қоректендіру түпқояры, желілілк сымы немесе ашасы
ақаулы болса, сондай-ақ жұмыс барысында қандай да ақаулық анықталған жағдайда
құралды қолданбаңыз.
Шәйнекті жылу көзінің қасына қоймаңыз (өйткені құралдың сыртқы беті бүлінуі мүмкін).
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына, электр сымға, ашаға немесе ҚОСУ/ӨШІРУ
ауыстырып-қосқышқа судың тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Бұл шәйнекті өзге электрмен қоректендіру тұпқоярымен қолданбаңыз, сондай-ақ шәйнектің
электрмен қоректендіру тұпқоярын басқа шәйнекпен пайдалануға тыйым салынады.
Шәйнекті түпқоярға орналастыру/алу барысында ҚОСУ/ӨШІРУ ауыстырып-қосқышы
ӨШІРУ белгісінде тұруы тиіс

Содержание

Скачать