Bosch PLR 50 C (0.603.672.220) [132/312] Пайдалануға ендіру

Bosch PLR 50 C (0.603.672.220) [132/312] Пайдалануға ендіру
132 | Қaзақша
1 609 92A 1F4 | (20.8.15) Bosch Power Tools
Пайдалануға ендіру
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу
құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура
тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт
қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелулері жағдайында алдымен өлшеу
құралын температурасын дұрыстап соң пайдаланыңыз. Айрықша
температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының
дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан сақтаңыз. Сыртқы күшті
әсерлерден кейін электр құралының жұмысын жалғастырудан алдын
әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (“Дәлдікті тексеру мен көлбеуді
өлшеуді калибрлеу” мен “Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру”, 139 бетін
қараңыз).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін өлшеу пернесіне 1 қысқа басыңыз. Өлшеу құралын
қосуда лазер сәулесі қосылмайды.
Өлшеу құралын өшіру үшін 1 өлшеу пернесін ұзақ басыңыз.
Егер шам. 5 мин соң өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы
батерея/аккумулятор зарядын үнемдеу үшін автоматты өшеді.
Өшуде сақталған мәндердің барлығы сақталады.
Өлшеу әдісі
Қосудан соң өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында
тұрады. Басқа өлшеу функцияларын k пернесін басып
реттеуге болады (“Өлшеу функциялары” 134 бетінде
қараңыз).
Өлшеудің негізгі жазықтығы қосудан соң өлшеу құралының
артқы қыры таңдалады. Негізгі жазықтықты e пернесін басып
реттеуге болады (“Негізгі жазықтықты таңдау” 133 бетінде
қараңыз).
Өлшеу құралын таңдалған негізгі жазықтықпен керекті өлшеуді бастау нүктесіне
қойыңыз (мысалы қабырға).
Лазер сәулесін қосу үшін 1 өлшеу пернесіне қысқа басыңыз.
OBJ_BUCH-2357-002.book Page 132 Thursday, August 20, 2015 12:49 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать