Polaris PUH 0545D [23/25] Ақаулар және оларды жою шарттары

Polaris PUH 0545D [23/25] Ақаулар және оларды жою шарттары
23
құралдың сөнуіне дейін қалған уақыт көрінеді. Таймердің функциясын өшіру үшін –Н мәнді
таңдаңыз (мән шыққан соң келесі басу12 сағ. кейін).
Бөшкедегі су деңгейін әрдайым қадағалап отырыңыз. Егер жұмыс барысында бөшкеде су
бітіп қалса, ылғалдағыш автоматты түрде сөнеді. Дисплейде бактағы су жетіспеуін
көрсететін индикатор жанады. Су қоймасының ішіндегі диодтты шам жарығы қызыл болса,
ол су қоймасында су мөлшері азайп қалғанын білдіреді. Үстіне су құйыңыз, құрал жұмысын
бастайды.
Құралды сөндіру үшін, басқару панеліндегі батырмасын немесе басқару пультіндегі
осы батырмаға басыңыз. Құрал Standby режиміне ауысып тұрады. Құралды толығымен
өшіру үшін оны мүлдем ток көзінен ажыратыңыз, оның ашасынан ұстап розеткадан суырып
алыңыз.
Тазарту және күту
Тазартар алдында құралды желіден ажыратыңыз.
Еріткіштерді немесе абразивтерді қолданбаңыз.
Су құйылатын бөшкені тазарту үшін хлордың сумен әлсіз ерітіндісін қолданыңыз.
Бөшкені жылы сумен жуып, құрғақ етіп сүртіңіз.
Бу генераторын және су тетігін қылшақтың көмегімен тазартыңыз.
Сүзгіні таза суда бірнеше қайтара жуыңыз.
Құралды салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Құралды қолданбаған кезде оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Ылғалдағышты күн сайын шамамен 5 сағаттай қолданғанда, судың қаттылығына қарай,
сүзгілерді әрбір 3-6 ай сайын ауыстырып тұруға кеңес береміз. Тазартылған немесе
дистилденген суды қолданып, сіз сүзгінің жарамдылық мерзімін ұзартасыз. Сүзгіні ауыстыру
қажеттілігін генераторға түскен буларының тұнбаларынан анықтауға болады.
Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған
ортаны сақтауға көмектесесіз.
Ақаулар және оларды жою шарттары
Ақаулар
Себебі
Ақауларды жою
Сұйықкристалды
дисплейдің шамы жанбай
тұр. Бу шықпай жатыр.
Құрал желіге қосылмаған.
Желіде кернеуі жоқ.
Құралды желіге қосыңыз.
Желідегі кернеуді тексеріңіз.
Сұйықкристалды
дисплейдің шамы жанып
тұр, бірақ, бу шықпай
жатыр.
Бөшкенің қақпағы берік
жабылмаған.
Бөшкенің ішінде су жоқ.
Бөшкенің қақпағын мықтап
жабыңыз.
Бөшкеге су құйыңыз.
Сұйықкристалды
дисплейдің шамы жанып
тұр, бірақ құрал жұмыс
істемей тұр.
Бөшкедегі су тым көп
мөлшерде.
Артық суды төгіңіз
Құралды қосқан кезде
жаман иіс шығады.
Құрал әлі жаңа
болғандықтан.
Су ластанған немесе көп
тұрып қалған.
Бөшкені 12 сағатқа салқын жерге
қойып, ашық күйде қалдырыңыз.
Бөшкені тазартыңыз, оған таза су
құйыңыз.

Содержание

Похожие устройства