Redmond RCM-1511 [31/44] Сақтану шаралары

Redmond RCM-1511 [31/44] Сақтану шаралары
31
RCM-1511
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқи-
ят оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін
ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талапта-
рын және бұйымды пайдалану ережелерін
сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жауап
бермейді.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде, емес пайдаланудың кез келген басқа
осындай жағдайларда пайдаланыла алады.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген
мақсатсыз пайдалану бұйымды тиісті түрде
пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін
жауап бермейді.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында
оның кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін
қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің сәйкес-
сіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жа-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның жер-
лендірілетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны та-
залаған немесе тасымалдаған кезде розеткіден
өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселі-
нен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап
қызады! Абай болыңыз! Аспап корпусына
жұмыс істеп тұрғанда қол тигізбеңіз.

Содержание