Scarlett SC-TR310M51 [9/18] Аспап бет пен дененің түрлі жерлеріндегі шашты қырып тастауға арналған

Scarlett SC-TR310M51 [9/18] Аспап бет пен дененің түрлі жерлеріндегі шашты қырып тастауға арналған
IM020
www.scarlett.ru SC-TR310M51
9
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада XX.XXXX пішімінде
көрсетілген, мұндағы алғашқы екі «XX» саны жасап шығарылған айы, келесі төрт «XXXX» саны жасап
шығарылған жылы.
ЖҰМЫСЫ
Аспап бет пен дененің түрлі жерлеріндегі шашты қырып тастауға арналған.
Батареяға арналған ұяның қақпағын бұрау арқылы ұяны ашыңыз.
Полярлығын дәл келтіре отырып батареяны орнатыңыз 1.5V AA ( жинаққа кірмейді).
Ұяның қақпағы мен аспаптың корпусындағы меңзерлер бір біріне дәл келетіндей етіп, ұяның қақпағын орнына
салыңыз.
Аспапты өшіру үшін ауыстырып-қосқышты жоғары қарай сырғытыңыз.
Аспапты терінің үстіне орналастырыңыз да, жүзінің үстінен басып, аспапты керекті бағытта жүргізіңіз. Жүзінің
түгелдей терінің үстінде жатуын қадағалаңыз, теріні жарақаттап алмас үшін жүзді қиғаштап орналастыруға
болмайды.
Жүзді шаштың өсетін бағытына қарсы жүргізбеңіз.
Аспапты тек таза теріге ғана қолданыңыз, гель немесе балшық сияқты заттарды пайдаланбаңыз.
САҚАЛҒА АРНАЛҒАН ТАРАҚ
Тарақ сақал қыруға аса қолайлы. Бұл тарақ сақалдың ұзындығын 3 мм етіп қалдырады.
Тарақты аспапқа орнату үшін оны жүздің үстінен сырт еткенше кигізіңіз.
Жұмыс барысында тарақтың терінің беткі қабатына толық тиіп тұруын қадағалаңыз.
МҰРЫН МЕН ҚҰЛАҚҚА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Бұл қондырма мұрын мен құлақ сияқты жетуі қиын жерлердегі шашты қыру үшін аса қолайлы.
Қондырманы аспапқа орнату үшін әуелі жүзін бұрап алыңыз. Содан кейін жүздің орнына ұяға қондырманы
салыңыз.
Қондырманы ағытып алу үшін оны бұрыңыз.
Жүзді қайтадан орнына салу үшін оны аспапқа сұғыңыз да, жүз бен аспаптағы меңзерлер бір біріне сәйкес
келетіндей етіп бұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Әр кез қолданғаннан кейін аспапты тазалап отыру керек.
Тазалар алдында аспапты өшіріңіз.
Егер қондырманы немесе тарақты пайдаланған болсаңыз, оларды ағытып алыңыз.
Аспаптың сыртын әуелі сәл дымқыл шүберекпен, содан кейін құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Түрпілі жуғыш құралдарды, органикалық еріткіштер мен жеміргіш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Жүздерінің бүлінбегенін әрдайым тексеріп отырыңыз, жүздері бүлінген аспапты пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Жүздері аса өткір, тазалаған кезде өте мұқият болыңыз.
САҚТАЛУЫ
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ тарауындағы талаптарды орындаңыз.
Аспап пен керек-жарақтарын арнайы тұғырда сақтаңыз.
Мұрын мен құлаққа арналған қондырманы қорғағыш қалпақпен жабыңыз.
ҚОРЕК ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Қорек элементтерінің құрамында ағзаның ішіне түскен кезде зиян келтіретін элементтер бар. Кішкентай
балалардың қорек элементтеріне жете алмауын қадағалаңыз. Егер әлдекім қорек элементін жұтып қойса,
дереу дәрігерге көріну керек.
Қорек элементтерін жүйелі түрде ауыстырып отырыңыз. Қорек элементтерінің барлығын бір мезгілде
ауыстырыңыз. Бұл орайда бір тұрпатты элементтерді пайдаланыңыз.
Қорек элементерін қайтадан зарядтауға немесе түрлі құралдардың көмегімен қайта белсендіруге болмайды,
оларды бөлшектемеңіз, отқа тастамаңыз және қысқа тұйықтамаңыз.
Қуаты таусылған элементтер аспаптың бұзылуына себеп болуы мүмкін. Аспапты пайдалануда ұзақ уақыт
үзіліс болған кезде, қорек элементтерін батарея ұяшығынан шығарып қойыңыз.
Егер қорек элементтерінің біреуінің қуаты таусылған болса, қорғағыш биялай киіңіз де, батарея ұяшығын құрғақ
сулықпен тазалаңыз.

Содержание

Скачать