Galaxy GL2300 [17/24] Бірінші рет қолданудың алдында

Galaxy GL2300 [17/24] Бірінші рет қолданудың алдында
KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
14.
Құралды пайдалану кезінде су көзі мен ашық оттан алыста тегіс
орнықты бетті қолданыңыз.
15.
Саптаманы аспап жұмыс жасап тұрған кезде шешуге тыйым салынады.
16.
Аталған құрал өнімдерді араластыруға, қойылтуға, илеуге, кесуге және
майдалап кесуге жарамды.
17. Құралды басқа заттарды қайта өңдеу үшін қолдануға болмайды.
18. Құралды жиынтыққа кіретін саптамалармен ғана қолдануға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық барлық
мүмкін болатын оқыс жағдайларды қарастыра алмайды. Қолданушыға
электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы шараларын
өздігінен сақтауы керек болады!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік не-
месе есірткілік масайған күйде немесе шындықты объективті қабылдауға
кедергі жасайтын басқа да шарттарда қолданбау керек, және құралды
осындай жағдайлардағы және шарттардағы адамдарға сеніп тапсырмау ке-
рек болады! Қолданушы электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауға тиісті болады!
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды алып
тастаңыз. Құралдың корпусын дымқыл матамен сүртіңіз, ал пышақтар мен
итергішті жылы сумен жуыңыз. Қауіпсіздікті сақтай отырып, саптамаларды
жуғыш құралмен жылы сумен жуыңыз. Құрал жұмысқа дайын.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Саптамалар мен пышақтар өткір қайралған. Сап-
тамаларды құрастыру және жуу кезінде сақ болыңыз!
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Жалпыжұмыстәртібі:
• Құралды тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
• Тостағанға жетекті білікті орнатыңыз. Қажетті саптаманы білікке
орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қайта өңдеуге арналған өнімдерді тек саптамаларды
орнатқаннан кейін ғана салу керек.
• Қақпақты орнатыңыз және сағат тіліне қарсы бұраңыз. Қақпақтың
мұрыны тостаған тұтқасының кесігіне тірелгенше дейін кіруі керек.
• Итергішті салғыш саңылауға қойыңыз.
• Ашаны розеткіге қойыңыз.
• Ауыстырғышты қажетті күйге орнатыңыз (1-ші жылдамдық, 2-ші
жылдамдық немесе Р («импульстік режим»).
• Итергішті шығарыңыз және ингредиенттерді салғыш саңылау арқылы
салыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения