Galaxy GL2300 [18/24] Ингредиенттерді қосу үшін режимдерді ауыстырғышты 0 сөндірулі

Galaxy GL2300 [18/24] Ингредиенттерді қосу үшін режимдерді ауыстырғышты 0 сөндірулі
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды тек ажыратқыштың көмегімен ғана
сөндіріңіз және іске қосыңыз. Тостағанның қақпағын ашу жолымен сөндіру
құралдың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың үздіксіз жұмыс жасау уақыты одан
кейін 2 минуттай үзілісімен 1 минуттан аспауы керек. 2 кезеңдік үздіксіз
жұмыстан кейін оны бөлме температурасына дейін (30 минуттан кем емес)
салқындатып алу керек, содан кейін жұмысты жалғастыруға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Айналушы саптамалармен жарақаттану қаупі! Пай-
далану кезінде ешқашан қолдарды тостағанға салмаңыз. Ингредиенттерді
итеру үшін әрдайым итергішті қолданыңыз. Сөндіргеннен кейін жетек
біраз уақыт жұмыс істеуін жалғастырады. Саптамаларды тек жетек толық
тоқтағаннан кейін ғана ауыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тостағандықолдану кезіндеқұрал тек орнатылған
тостағанмен, сонымен қатар дұрыс орнатылған қақпақпен ғана іске
қосылуы мүмкін.
Өнімдерді тиімдірек ұсақтау және араластыру үшін тостағанды 2 000 мл
белгісіне дейін толтыру ұсынылады.
ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ
Өнімдерді ұсақтауға арналған. Құрастыруды 1 сур. сай (4 бет.) жүргізіңіз.
Ингредиенттерді қосу үшін режимдерді ауыстырғышты «0» (сөндірулі)
күйіне ауыстырыңыз. Итергішті шығарыңыз және ингредиенттерді салғыш
саңылау арқылы салыңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін, сақтана отырып ал-
дымен жетекті білікті, сосын ұсақталған өнімдерді шығару керек. Ұсақтауға
арналған пышақ қолданылмау кезінде әрдайым қорғанысты қаптамада
сақталуы керек.
САПТАМА-БҰЛҒАУЫШТАР
Саптама-бұлғауыштар кілегейлерді, ақуыздарды және сұйық қамырды
араластыруға арналған, бірақ қатты ингредиенттерге арналмаған.
Құрастыруды 2 сур. сай (4 бет.) жүргізіңіз.
МАЙДАЛАП КЕСУГЕ АРНАЛҒАН САПТАМАЛАР.
ТІЛІМДЕРГЕ КЕСУ ЖӘНЕ КАРТОП ФРИІН КЕСУ
Майдалап кесуге, тілімдерге кесуге және картоп фри үшін шикі картопты
кесуге арналған. Қажетті саптаманы ұстағышқа қойыңыз және құралды 3
сур. сай (5 бет.) жүргізіңіз.
ТЕКШЕЛЕП КЕСУГЕ АРНАЛҒАН САПТАМА
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өткір пышақпен жарақаттану қаупі! Ешқашан
саусақтарыңызды орнатылған текшелерге кесуге арналған саптамаға
қоймаңыз!
Текшелеп кесуге арналған саптаманы тек қозғалтқыштың толық тоқтауынан
кейін және құрал электр желісінен ажыратулы кезде ғана орнатыңыз не-
месе шешіңіз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения